Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / "Алғашқы махаббат" фестивалі

"Алғашқы махаббат" фестивалі

Бұрынғы сүйіктілеріңізбен қарым-қатынасыңыз қандай? Сіздер көрген жерде амандасасыздар ма әлде танымаған адамдарша өтіп кетесіздер ме? Осыған байланысты Вьетнам халқы фестиваль ұйымдастырған екен. Ол фестиваль Қытайдың шекарасында орналасқан шағын Хау Вай ауылында өтеді. Бұл фестивальде жыл сайын алғашқы махаббаттарын кездестіру мақсатымен барша ғашықтар бас қосады.

Бұл фестивальді кім ұйымдастырған? Ертеректе Ха Джиань тайпасынан шыққан Джиай есімді ару Цао Бань тайпасының Нунга есімді жігітіне ғашық болған. Джиайдың теңдессіз сұлулығын жат жұртқа қимаған тайпасы ол үшін шайқас алаңына шығады. Екі тайпаның қаны төгіледі. Ғашықтар жазықсыз құрбан болған халықты сақтап қалу үшін айырылысады. Алайда жыл сайын 3 айдың 27 күнінде кездесеміз деп уәделеседі. Бұл дәстүрдің шығу тарихы осылайша баяндалады.

Бүгінгі таңда бұл дәстүр жанданып, жастардың ойын-сауық құратын мерекесіне айналған. Түрлі әткеншектерде ойнап, ән орындап, қойылымдар қояды. Бірақ, бұлардың ешқайсысы да олардың бұл жеріне келуінің басты себебі бола алмайды. Олар бұл жерге алғашқы ғашықтарымен кездесу үшін келеді. Өткен тәтті күндерді еске алады. Дәстүрлі фестивальге ерлі-зайыптылар бала-шағаларымен бірге келіп, өздерінің алғашқы сүйіктілерімен жолығуға мүмкіндік алады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:lama.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 қараша 2013, 20:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.