Адамзат Жер бетінен жоғалар болса...

Адамзат Жер бетінен жоғалар болса...

Әлемде ештеңе де мәңгілік емес. Уақыты келгенде барлығы да өшеді, сөнеді, жоғалады. Ал бетін аулақ қылсын, егер адамзат баласы жер бетінен жоғалар болса, әлем қандай күйге енбек?

48 сағаттан соң: жер асты сулары метро жолдарына жинала бастайды. Түрлі жер асты жолдары ақаулары орын алады.

1 аптадан соң: жылу станциялары мен жарық беру жүйелері өз жұмысын тоқтатады.

1 жылдан соң: электр бағаналары құлап, жоғары вольтты сымдар үзіле бастайды. Қалаларды жануарлар мекендейді. Ғаламшарда 10 миллионнан астам ғана құстар қалады.

10 жылдан соң: биік ғимараттарға сызаттар түсіп, суық мекендерде газ құбырлары жарыла бастайды. Сонымен қатар тарақандар суыққа шыдамай өмір сүруін тоқтатады.

20 жылдан соң: түрлі металдардан жасалған ескерткіштер мен бағаналар құлайды.

1 ғасырдан соң: түрлі жыртқыш ірі аңдардың саны күрт көбейеді. Мысалы, піл саны жиырма есе артады. Керісінше ұсақ аңдар мен жануарлар саны азая түседі.

300 жылдан соң: көптеген қалаларды су басып, жер бетінен жоғала бастайды. Алып көпірлер құлайды.

5 ғасырдан кейін: жер бетінде ағаштар көбейеді. Қалаларды түгелімен ормандар басады.

15000 жылдан кейін: жер бетінің кейбір бөліктерін мұздықтар жаба бастайды.

35 000 жылдан соң: жер бетінен адамзат қолымен жасалған дүниелер толығымен жоғалады.

1 00 000 жылдан соң: атмосферадағы ауа-райы бастапқы күйіне енеді. Түрлі улы газдар күшін жояды.

2 милллион жылдан кейін: жер бетінде қалған түрлі пластикалық қалдықтардан өсіп шыққан шөптермен жануарлар қоректенеді.

8,5 миллион жылдан кейін: қоладан жасалған кейбір архитектуралық ескерткіштер осы уақытқа дейін жер қойнауында сақталады.

3 миллиард жылдан соң: жер бетінде тіршілік жалғасады, бәрі де бастапқы адамзат баласы жаратылған табиғатқа оралады.

6,5 миллиард жылдан кейін: Өзге ғаламшарлар әсерінен, Жер ғаламшары күн жүйесінен алыстап, мәңгілікке жоғалады.

Мәңгілік: ғарыш әлемінде жер серіктері саяхатын жасап жүре береді. Бұл адамзат баласының өмір сүргенінің бір ғана дәлелі мен куәгері болмақ. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: facte.ru

Ө. Сансызбай