22 карат алтыннан жасалған дәретхана қағазы

22 карат алтыннан жасалған дәретхана қағазы

Елден ерекше болғанды жақсы көретін австралиялық "Toilet Paper Man" компаниясы бағасы 1,3 миллион АҚШ доллары тұратын, 22 карат алтыннан құралған дәретхана қағазын жасап шығарды. Дәл осындай алтыннан жасанды темекі жасаған Toilet Paper Man компаниясы келесі кезекте дәретхана қағазын жасайды деп ешкім ойламаған еді. Олар, расымен де, құнды мен құнсызды байланыстырып, ерекше туынды жасап шығарды.

Осыған дейін Shine Papers атты темекілер бай адамдардың мәртебесін көрсету үшін жасалған еді, 22 караттық жұқа алтыннан жасалған мына қағаздың жасалудағы мақсаты қандай екендігі әлі де түсініксіз. Бұндай ерекше туындылар алтынды аса қадір тұтатын араб шейхтары мен сұлтандарына ескерткіш ретінде керек болуы мүмкін.


Ешкімнің ойына келмеген ерекше туындының бағасы, нақтырақ айтқанда, 1 376 900 АҚШ долларын құрайды. Біздің білуімізше, бұл – жер бетіндегі ең қымбат әжетхана қағазы. Toilet Paper Man компаниясы секілді ерекше туындыны жасап көру ешкімнің ойында да жоқ болған.

Мұнымен қатар, өндіруші қағаздың зиянсыздығы мен тиімділігіне 100% кепілдік береді. Алайда бұл кепілдеменің қандай жағдайда, қалай жүзеге асатындығы белгісіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: libymax.ru

Қ. Бүйенбай