Жарық беретін жамылғы

Жарық беретін жамылғы

Британдық "Pro-Teq" компаниясы түнде жарық беретін жаңа жамылғы жасап шығарды. Су өткізбейтін жаңа өнім күндіз сіңірген ультракүлгін сәулелерін түнде шығаратын болып отыр. 

Технология әзірге Кембридждегі "Christ's Pieces" саябағында сынақтан өтуде. Көпшілік маман қазірдің өзінде көше жарықтандыруда аталған технологияның үнемді әрі тиімді болатынын алға тартуда. Ал көпшілік күн көзін жинайтын өнімге күмәнмен қарайтынын жасырмаған.

Аумағы 150 шаршы метрге жететін компания өнімі Англияның кез келген төрінде іске жарамды делінеді. Starpath қуат көзін өндіре алмағанымен, ультракүлгін сәулелерін жинақтауда және көше жарықтандыруда жақсы таңдауға айналмақшы. 

Жамылғы қараңғы саябақ пен тас түнек көшелерге жарық беріп тұрмақ.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: blogs.privet.ru 

Л. Лига