Әлемдегі ең ұзын адам үйленді

Әлемдегі ең ұзын адам үйленді

Қазіргі таңда әлемдегі ең ұзын адам Түркия азаматы Сұлтан Косен болып табылады. Бойы 2 метр 51 сантиметрді құрайтын алып жақында шаңырақ көтерді. Бұл туралы the mirror сайты хабарлап отыр.

30 жастағы Сұлтан Косеннің жары Мерво Дибо Сириядан қоныс аударып келген екен. Екеуі футбол алаңында танысқан көрінеді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Сұлтан Косен 2010 жылы әлемдегі ең ұзын адам болып Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Қолының ұзындығы – 27,5 сантиметр болса, ал аяғының жалпақтығы – 36,5 сантиметрді құрайды.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.ru

Ө. Сансызбай