Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Сиқырлы суреттер

Сиқырлы суреттер

Сиқырлы суреттер

Дат суретшісі әрі дизайнері Питер Каллесен жәй ақ қағаздан өнер туындысын жасап шығарады. Шебер paper art техникасына арқа сүйейді. Ол қағаздан не қатырма қағаздан әртүрлі пішіндер мен кейіпкерлердің бейнесін жасайды.

Заттандыру процесі кезінде үш өлшемді жалпақ қағаз сиқырлы күйге түседі деп ойлаймын. Бұл расында да сиқырлы күш болуы мүмкін, себебі, жұмыстың жасалу жолы түсінікті болғанымен, пішіндер негізі болмысынан қашып құтыла алмайды”, - дейді суретші.

Питер Каллесен көбіне А4 форматындағы ақ қағаздармен жұмыс жасайды. Ол әр пішінді жәй сол қалпында жасап шықпайды, әрқайсысы өзіндік ой арқалаған, үлкен ізденістен туған дүниелер. Қағаз қиял мен ой байланысының нәтижесінен өнер туындысына айналып шыға келеді. Жұқа қағаз суретшіге мүсінін әлсіз һәм қорғансыз күйде көрсетуге мәжбүрлейді.

Суретшіге неге тек ақ түсті ғана қолданасыз деген сұрақтың қойылуы заңды шығар. Бұны Питер Каллесен: “Әрине, мен түрлі-түсті суреттермен жұмыс жасай аламын, бірақ ақ түсті артығырақ көремін. Себебі, ақ түс – тазалықтың, пәктіктің, діни қасиеттіліктің белгісі”, - деп түсіндіреді. Питер қазірдің өзінде өзінің жеке көрмесін өткізіп үлгерді. Тек туған қаласы Копенгагенде емес, Лондон, Берлин, Гамбург, Сеул қалаларында жұмыстары көрсетілімге қойылды. Оның жұмыстары АҚШ мен Швецияның мұражайларында сақтаулы тұр.

Питер Каллесеннің жұмыстары:

Ағаштың тамыры

Періште

Ұлу

Өрт

Қорғанды қала

Ақ қол

Вавилон мұнарасы. 18,2 метр биіктік

Ковбой

Бума

Қағаз адам

Қызыл көкнәр гүлі

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: byaki.net

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 25 қазан 2013, 18:22
Пікірлер
+0
25 қазан 2013, 19:16

Жақсы идея.

+0
25 қазан 2013, 23:13

Әдемі. Қызық. Өзгеше.

+0
26 қазан 2013, 08:16

Адамның ақылының таппайтыны жоқ иа

+0
31 қазан 2013, 17:17

Расында да бір сыйқыр бар сынды. Әдемі екен

+0
14 қараша 2013, 22:19

кайдагы сикыр онша емес

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.