Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Оқшау орындар

Оқшау орындар

Ертедегі адамдар жыртқыштардан, табиғат апаттарынан, жауласып жүрген көрші тайпалардан өздерін қорғау мақсатында, үйлерін қауіпсіз жерге салуды көздеген. Үңгірлерді мекен еткен бабаларымыз ақыл-ойы кемелдігінің арқасында бұл күнге аман жетті. Ал бүгінгі адамдар қайда тұрып жатыр? Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында біз бағындырмас белес жоқ. Аспанмен таласқан әдемі ғимараттар тұрғызып, адам санасы жетпейтін небір ғаламат үлгідегі үйлер салып шықтық. Сіздердің назарларыңызға адамдар өмір сүріп жатқан немесе бұрын тұрғылықты мекені болған 10 ерекше жерді ұсынамыз.

Сюанькун-сы, Қытай

Қытайда қасиетті саналатын 5 тау бар. Хэн тауы Шаньси провинциясында орналасқан сол таулардың бірі. Сол таудың іргесінде Сюанькун-сы монастыры орналасқан. Бұл монастыр – “ауадағы монастырь“ деген атқа ие, кей кезде “аспалы монастырь” деп те айтылады. Бұл орын тек тарихшылардың ғана назарын аудармайды. Қосалқы құрылғылардың көмегімен қолдан жасалған бұл орын сәулетшілердің де қызығушылығын тудыруда.

 

Аль-Хаджарах, Йемен

Бұл қала-қабырға Сана провинциясындағы Батыс Йемен тауында орналасқан. Тарихи тамыры өте көне кездерден бастау алса керек. Өйткені, бұл жердің тарихынан тіпті алғашқы жергілікті қоныстанушылар да хабарсыз көрінеді.

 

Каппадокия, Түркия

Бұл жер - адамдар үздіксіз қоныстанған таңқаларлық мекендердің бірі саналады. Дәл қазіргі уақытта бұл жерде шіркеу мен монастырдың ережесін ұстанған 2500 адам өмір сүріп жатыр. Түркиядағы келушілерге арналған қызығушылық тудырып отырған бірден-бір орын болып табылады.

 

Метеоры монастыры, Грекия

Грекияның нақ жүрегінде орналасқан Метеоры монастыры “Ауадағы табиғат” деп аталады. Таудың жоғарғы жағында 6 діни орталық бар. Олардың ішінде ең танымалы – Роуссаноу монастыры.

 

Сетениль-де-лас-Бодегас, Испания

Адамдар осы күні өзгеше жағдайда орналасқан үйлерде тұруға құмар. Сетениль-де-лас-Бодегас сол секілді өзіндік ерекшелігімен таң қалдырады.

 

Касса до Пенедо, Португалия

“Касса до Пенедо” тура мағынасында “Тас үй” деген мәнде айтылады екен. Бұл мекен Португалияның солтүстігіндегі Фави тауында орналасқан. Бұл үй 1974 жылы инженерлердің көмегімен табиғат әлемінің әдемілігін әспеттеуден туған. Көптеген туристердің қызығушылығын тудырған бұл үй өзінің өзгеше дизайнымен ерекшеленеді.

 

Понте Веккио, Италия

Понте Веккио немес “Ескі көпір” Флоренцияның Арно өзенінде орын тепкен. Бұл көпір 1345 жылы тұрғызылған. Көпірдің басты артықшылығы, дүкендері мен арнайы кафелерінің болуы.

 

Матмату, Тунис

Бұл орын Тунис астанасынан 355 километр қашықтықта жатыр. Жергілікті тұрғындары жер астын үйге айналдырып мекен етуде. Бұл жер 1960 жылдардан қалған орын ретінде есептеледі.

Силенд княздігі

Бұл өзгеше орын Британ аралдарының орта тұсында орын тепкен. Кейбір зерттеушілер Силенд княздігін әлемдегі ең кішкентай мойындалмаған егеменді мемлекет деп есептейді. Шын мәнінде бұл жәй ғана теңіз форты.

 

Джон о Круп

Бұл – Ұлыбританияның солтүстігіне жақын орналасқан аралдардың бірі саналады. Жаз мезгілінде бұл мекеннің танымалдығы артып, сұранысқа ие болады. Ақын-жазушылар мен суретшілердің шығармашылықпен айналысуына таптырмас орын.  

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: lifeglobe.net

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 25 қазан 2013, 17:22
Пікірлер
+0
25 қазан 2013, 17:23

Расында, неткен, қызықты, бір жағынан қорқынышты, адам тартарлық тұрақтар еді! Мақалаңызға рахмет! Осында Қазақстанның жоқтығы...

+0
25 қазан 2013, 17:25

Оқшау десе, оқшау екен)

+0
25 қазан 2013, 17:27

Бірінші суреттегі үй ұнады. Шіркін, Алматыда осындай бір үйің болса :D

+0
25 қазан 2013, 19:03

10 үй ұнады

+0
25 қазан 2013, 19:53

Джон О Круп :shock: :shock: :shock: :shock: :shock: :shock: :shock: :shock:

+0
25 қазан 2013, 20:38

Метеоры монастыры, Грекия. Осы суретті бұрын көргенде таң қалатынмын, бұл не ғажап, қала

+0
25 қазан 2013, 20:38

й салынған, өзі расымен салынған үй ме деп... Рас екен ғой. :)

+0
26 қазан 2013, 08:19

Табиғат апаттары болған кезде қорқынышты сияқты ..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.