"Аватар" фильмінің негізінде жаңа саябақ салынуда

"Аватар" фильмінің негізінде жаңа саябақ салынуда

Әйгілі Disney компаниясы “Аватар” фильмінің мотивациясы негізінде саябақ салуды жоспарлауда.

Қазірдің өзінде болашақ саябақтың сұлбасы жасалып шықты. Одан Пандораның ғажайып әлемін тамашалап, тіпті қасиетті Эйва терегін ұстап көруге де болады. Жаңа саябақ Флоридадағы “Диснейлендта” көрсетілімге қойылады.

Айтпақшы, “Аватар” фильмінің режисері Джеймс Кэмерон да бұл жобаға қатысып жатыр. Қиял-ғажайыпқа толы жаңа саябақтың ойын-сауықтық әсері жоғарғы дәрежеде болады деп күтілуде.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: lifeglobe.net

Ш. Талап