Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Амстердамның ерекше 5 музейі

Амстердамның ерекше 5 музейі

Амстердамның ерекше 5 музейі

Амстердам – музейлер қаласы. Қалада 400-ден астам музей және галереялар бар. Әлемдегі басқа қалаларда Амстердамдағыдай көп музей жоқ. Басты назар аударарлық музейлер - Рейксмюзеум, Ван Гог музейі, Анна Франк үйі және Стеделийк музейі. Амстердамда мұндай танымал орындармен қатар көптеген қызықты орталықтар жеткілікті. Бұдан бөлек кофе, алмас, фортепьяно, сөмке, әмиян, ірімшік музейлері жұмыс жасайды. Осы тізімде біз сіздерді Амстердамдағы 5 ерекше музеймен таныстырамыз.

Вролик музейі

Вролик музейіне потологиялық нұсқалардың үлкен топтамасын, оғаш бассүйектер мен жалпы заңдылықтан ауытқыған эбриондарды, жалпы анатомиялық ауытқушылықтарды Джерардус Вролик (1755-1859) есімді нидерланд оқымыстысы жинастырған. Ол 18-19 ғасырларда тератология (медицинаның, зоология мен ботаниканың адамдар, жануарлар мен өсімдіктер аномалиясын, даму кемістігі мен кемтарлығын зерттейтін сала) ғылымының бірден-бір зерттеушісі болды. Виллем Вроликтің өлімінен кейін топтаманы Амстердам муниципалитетінің ұсынысымен нидерландыдағы азаматтық топтар сатып алған. Кейінірек бұл музей Амстердам университетінде Athenaeum Illustre деген атпен қайта жандана түскен. Бүгінде Вролик музейіне түрлі нұсқадағы жаңа топтамалар қосылып отыр.

Азап музейі

Амстердамдағы Азап музейі адамзат атаулының қатыгездігінен хабар беретіндей. Қараңғы бөлмелерде орналасқан музей экспонаттары ауыр әрі жабығыңқы көңіл-күй тудырады. Музейден қылмысты адамдардың басын шабуға арналған Гильотина сынды құрылғылар мен түрлі нысандарды, аппаратарды тамашалауға болады. Басқа нысандарға көпшілікке танымал Темір қыз (Железная дева), Кэтрин Вилс, Сколд жүгені орналастырылған. Көне кітаптар мен ескі хаттарды да бұл жерден кезіктіруге болады. Кейбір экспонаттар шыны ішінде, ал кейбірі ашық түрде қойылған. Оларды тіпті ұстап көруге де болады.

Мысықтар музейі

"KattenKabinet" немесе “Мысық бөлмесі” музейі толықтай мысықтармен толтырылған. 1990-жылы нидерланд байларының бірі Уильям Майер Том есімді мысықтың аты өшпесін деген ниетпен осы музейдің негізін қалаған екен. Музейге Пабло Пикассо, Рембрандт, Анри де Тулуза-Лотрек, Корнейл, Сэла Майер сынды әйгілі суретшілердің өнер туындылары қойылған. Тағы бір қызық дерек: бүгінде бес әдемі мысық музей бөлмелерінде өмір сүріп жатқан көрінеді.

Татуировка музейі


2011 жылдың қарашасында ашылған Татуировка музейі – Астердамдағы жаңа музейлердің бірі. Музейде теріге салынған өнердің тарихы, әр құрлықтан жиналған экспонаттар, тебен инелер, көне төсбелгілер, тұтанғыштар (дайын нұсқасы), балауыздан жасалған бұйымдар бар. Басқа да тұздалған құтыларда денеге салынған қорқынышты суреттер қойылған. Олардың арасында адамның немесе шошқаның терісі, 19-шы ғасырдағы кит аулайтын кеме теңізшісінің және Христустың суреті кездеседі. Музейдің топтамасында 40 мыңнан көп зат бар. Көрме жұмыстары географиялық ерекшелікке байланысты Азия, Африка, Америка болып бөлек қойылған. Сол елдердің дәстүріне, татуировка салудағы ерекшелігіне, әртүрлі әлеуметтік субмәдениетке байланысты түрмеде, әскерде, теңізде, т.б. салынатын татуировкалар әр алуан болып келеді.

Нидерландтық жерлеу музейі

2007 жылы негізі қаланған нидерландтық жерлеу музейі Нидерландия елінің жерлеу мәдениетін, жерлеу кезіндегі барлық іс-әрекетті, және басқа да тарихи-мәдени ерекшеліктерді толық қамтиды. Музей жүзжылдықтардағы тарихи салт-дәстүрлерді, ауылдық жерден бастап корольдік жерлеу рәсіміне дейін көрсете алады.

 Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: lifeglobe.net

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 08 тамыз 2014, 18:41
Пікірлер
+0
09 тамыз 2014, 10:53

Барып қарауға болады екен

+0
09 тамыз 2014, 19:42

Білмейм татиуровкаға барушы ем )))

+0
11 тамыз 2014, 12:58

Көшелерін айтсайш, түнге қарай қып-қызыл болып жарқырайтын))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.