Тиыннан жасалған мүсіндер

Тиыннан жасалған мүсіндер

Адам қиялының жетпейтін жері жоқ. Американдық суретші әрі мүсінші Роберт Векслер (Robert Wechsler) монеталардан күрделі геометриялық фигуралар жасап шығарады.

Ол американың ұсақ тиындарын (пенни) және Канада, Белиз, Гонконг мемлекеттерінің монеталарын қолданады. Суретші өзінің айтуы бойынша, бұл іске “ішкі жасырынған мүмкіндіктерін ашу үшін және күнделікті жалықтырар іс-әрекеттерден бойын аулақ салу мақсатында” барған екен. Сөйтіп, ол стереотип санасын бір сілкіндірмек болған көрінеді. Роберттің талпынысы өз нәтижесін беріп, бүгінгі таңда ғажайып өнер туындылары көпшілік сұранысына ие болуда.

Роберт Векслердің жұмыстарын тамашалайық: 

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: pikabu.ru

Ш. Талап