Пәкістандықтар әлемдегі ең үлкен 3 жүзік жасап шығарды

Пәкістандықтар әлемдегі ең үлкен 3 жүзік жасап шығарды

Пәкістандықтар ең үлкен жүзік жасап шығарды. Бұған дейін ең үлкені Дубайдағы жүзік еді. Әдетте жүзікті үйленгенде, сән үшін, өзінің байлығын көрсету үшін тағады. Бір қызығы бұл жүзіктер тағуға арналмаған, оларды көтеру үшін бір адамның күші аздық етеді.

Пәкістандық зергерлер тізе қосып жасаған жүзіктерін ең алғаш рет 2009 жылдың қараша айында Лахорда таныстырған болатын. Олар бұл туындыларымен елдері тек соғыс арқылы ғана емес, жақсы қырларынан да таныла алатындығын дәлелдегісі келеген. «Бұл жүзік қайтыс болған әкемнің арманы еді, әлем халқы елімізде дарынды зергерлер бар екенін білсін», - дейді зергер әрі компания басшысы Мұхаммед Амин Салим.

Зергерлер туындыларын «Global Peace Ring» деп атады. «Әлемдер ішіндегі әлемнің жүзігі» деген мағына береді. Жүзік халықтардың достығын білдіріп, 210 мемлекеттің туымен әшекейленген. Ал жүзіктің негізі түсі – ақ. Оны дайындау үшін 10 караттық күміс. 18 караттық алтын пайдаланылған. Жүзіктің көлемі - 1,27 х 1,45 метр, салмағы - 74,66 келі.

Салмағы 74 келі болатын «Әлем жүзігі» үш жүзіктің ішіндегі ең үлкені болды. Оны жасау үшін алтын, күміс, бағалы тастар, маржан тас пайдаланған. Алайда бастапқыда оны бір ғана бағалы металлдан жасап шығу тапсырылған еді. Өзгелерінен бетіндегі бедерленіп салынған оюларының арқасында өзгешеленеді.


Келесі «Najmat Taiba» деп аталатын жүзігіміздің салмағы 64 келі. Жүзіктің ортасында салмағы 4650 грамм болатын үлкен кристалл орналасқан. Жүзіктің бетіндегі алтынмен жазылған мемлекет атаулары мен күмістен дайындалған гүлдері ерекше сән беріп тұр. Бұл жүзік 577 күн бойы дайындалған, яғни 1,5 жыл уақыт. Амин Салим бұл жүзіктердің Гиннесс рекордтар кітабына кіргендігін қалаған. Көлемінің үлкендігіне қарамастан, өкінішке орай кітапқа ене алмады. Рекордты бағалаушылардың түсіндіруінше, мамандардың талабына сәйкес келмейді екен.

Амин Салим Гиннесс рекордтар кітабына кіру үшін тағы да бір жүзік жасап шығарды. 2011 жылдың қаңтар айында мамандардың талаптарын толығымен біліп алып, жаңа туындыны жасауға кіріседі. Ол «Fragrance of Love» («Сезім жұпары») деп аталады. Бұл жүзіктің салмағы - 71,68 келі, диаметрі - 85 сантиметр. 97,83%-ы күмістен жасалған. Амин Салимнің айтуынша, жүзік ешқандай құрал жабдықсыз жасалған. Оны дайындау үшін 40 000 доллар жұмсалған. Бастапқыда қиын болғанына қарамастан, зергер барын салған. Бұл жүзікті жасауға 70 күн кеткен. Амин Салимнен өзге 8 адам еңбектенген.


«Сезім жұпары» мен «Әлемдер ішіндегі әлемнің жүзігі» «Аль-Хамра» галлереясында көрсетілген. Ірі компанияның басшысы Амин Салим алға қойған мақсатына жетіп, әкесінің арманын орындады. «Сезім жұпары» Гиннесс рекордтар кітабына еніп, әлемнің ең үлкен жүзігі деген атқа ие болды.

Осыған дейін әлемнің ең үлкен жүзігі – алтыннан жасалған «Наджма Тайба» болған еді. Жүзік Kanz Jewels LLC компаниясына тиесілі Дубайдағы Deira Gold Souk базарында тұр. 21 караттық алтыннан жаслаған «Наджма Тайба» жүзігінің салмағы – 63,85 келі. Периметрі – 2,2 метр, сыртқы диаметрі – 70 сантиметр, ал ішкі диаметр – 49 сантиметр.  Оны жасап шығару үшін 58,7 келі алтын, 5,17 келі өзге асыл тастар, 615 Swarovski кристалдары қажет болған. 55 зергер күніне 10 сағаттан жұмыс істеп, 45 күнде жасап шығарған туынды. 2000 жылы жүзіктің құны 547 000 доллар болатын, қазір 3 000 000-ға жетіп отыр.

Кезінде Шығыс елі әлемге түрлі бұйымдарымен танылған еді. Олардың ең үлкен жүзіктерді жасауы – бұйым жасау шеберліктерін тағы да бір рет мойындатты.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай