109 тасты жеп қойған ит

109 тасты жеп қойған ит

Итті жеті қазынаның бірі көріп, адамға деген достығы мен адалдығын қадірлесек те жан-жануарлардың денсаулығына мән бермейміз. Алайда мұндайға батыс елі жақсы көңіл бөледі. Оған төмендегі оқиға дәлел.

Иесімен ойнағанды жақсы көретін лабрадордың көңіл-күйі күрт өзгеріп кетеді. Осы жағдайды ескерген иесі Вуллард ханым оны ветеринар дәрігерге әкеледі. Олар итті рентгенге түсірген. Нәтижесі таңқаларлықтай.


Барнидың іші жағажайдың тастарына әбден толып қалған екен. Ветеринарлар тапқан 109 тастың 30-ы табиғи жолмен сыртқа шығып, 79-ы ішінде қалған. Ол тастардың даусын иттің қарнын сипап естуге болады.


Иттің ішінде қалқып жүрген 79 тасты алу үшін дәрігерлер ота жасаған. Бақытына орай, Барни үшін барлығы да сәтті өтті. Мұнымен қатар тастарды жеу кезінде алдыңғы тістеріне де зақым келгендігін анықтаған. Олар алдағы уақытта емделеді. Иесінің айтуынша, Барни күшік болған кезінде түрлі заттарды жеп қоятын болған. Алайда олардың ешқайсысы да оның денсаулығына зиянын тигізбеген екен.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: umbr.ru

Қ. Бүйенбай