Көздері төбесінде орналасқан балық

Көздері төбесінде орналасқан балық

Су түбінен түрлі балықтарды кездестірсек те, миы көрініп тұратын балықты кездестірмеген шығармыз. Бұл балықтардың ерекше түрі «аузы кішкене макропинна» деп аталады. Ұзындығы  небары 10-15 сантиметр.

Басының алдынғы бөлігі мөлдір болып, ішіндегінің барлығы көрініп тұрады. Сырт көзге көздер болып көрінгенмен, оның орнында қарапайым ойықтар орналасқан. Ал көздері мөлдір басының ішінде тұрған жасыл дискілер.

Ешнәрсеге ұқсамайтын көздері бар балықтарды ғалымдарымыз 1939 жылдан бері зерттеп келеді. Оларды ең алғаш рет осы жылы ұстаған. Мұнымен қатар басында уақыт өте келе көпіршіктер пайда болып отырады.

Бұл балық судың терең қабаттарын мекендейтіндіктен, аз зерттеліп отыр. Оның көру қабілеті мүлдем түсініксіз. Көздері жоғарыға қарап орналасқандықтан, көруге байланысты аз кемшіліктер болуы мүмкін. Биолог ғалымдар макропинналардың көздері төбесінде орналасып, ауыздары кішкене болғанына қарамастан, өзге балықтарды аулап жейтіндігіне таңқалуды.

Дегенмен жаратылысы өзгеше балықтың көздері 2009 жылы толығымен зерттеліпті. Зерттеудің нәтижесі бойынша, көздері бастағы сұйықтықтың ішінде орналасқандығына қарамастан, жан-жақты толықтай бақылай алатындығы анықталған. Осылайша, ол алдында келе жатқан балықтарды еркін аулап жей алады. 

 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru