Ең үлкен түссіз бриллиант рекордтық бағаға сатылды

Ең үлкен түссіз бриллиант рекордтық бағаға сатылды

Бір кезде сатылымға қойылған мінсіз таза, 118, 28 карат түссіз бриллиант рекордтық баға – 30, 6 миллион долларға сатылды.

Сатылым Гонконгтегі Sotheby's бәссауда үйінде өтті. Бриллиант 35 миллион долларға бағаланған еді. Алайда ол жоспар орындалмады. Бұл сатылым тарихында ең қымбат түссіз бриллиант ретінде қалып отыр.

Бұл тас 2011 жылы Оңтүстік Америкадан табылған болатын. «Қазынаның» жаңа иесі енді оған жаңа ат бере алады.

Бұдан бұрын әлемдегі ең ірі мөлдір гауһар тас бәссаудаға қойылған еді.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: novosti.sevua.com

Ш. Талап