Өлімнен аман қалған кішкентай мысық интернетті жаулауда (видео)

Өлімнен аман қалған кішкентай мысық интернетті жаулауда (видео)

Аталған ролик бар-жоғы бес күннің ішінде 14 миллион рет көріліп шыққан және бұл көрсеткіш күн санап өсуде.

Сюжетте түтінге оранған ветеринарлық (мал дәрігерлік) емхананы өшіруге келген өрт сөндіру қызметшілері кішкентай мысық баласын тауып алады. Мысық баласында тіршіліктен хабар болмаса да, Кори Каланик есімді өрт сөндіру қызметкері оның мұрнына оттек маскасын кигізіп, су құйып, жүрек соғысын қайта оралту үшін жалма-жан массаж жасауға кіріседі - жалпысын алғанда, адамдарға қалай жан бітіріп жатса, мысыққа да дәл соны істейді.

Мұның барлығы камераға түсіріліп тұрған сәтте мысық көзін ашады!

Мысық баласы интернет қолданушыларының жүрегін жаулауда, ал Каланик сол уақытта нағыз қаһарманға айналып үлгерді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: mykartinka.ru

Л. Лига