Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

"Қолдар үңгірі"

Осыдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басы аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз.

Дәл осындай "тарихи оқулықтардың" бірі – Аргентинаның оңтүстігінде орналасқан Куэва-де-лас-Манос үңгірі. «Куэва-де-Лас-Манос» сөзін испан тілінен аударғанда, "Қолдар үңгірі" деген мағынаны білдіреді. Мұндағы ең ескі іздер б.з.д. тоғызыншы мыңжылдыққа тура келеді. Ал таңба авторлары – Патагониядағы үндістердің ата-бабасы.

Үңгір өз қабырғаларындағы жас жеткіншектердің алақан іздерімен танымал. Дәл осы жерде ежелгі дәстүрлер, оның ішінде ұл балалардың ересек өмірге қадам басу (инициация) ғұрпы атқарылған. Олар осы жерде өз лауазымдарын өзгертіп, "ер жігіт" деген айбынды ат алған. Үңгір қабырғаларында бұдан басқа да суреттер бар. Оларға қарап, Техуэлчес тайпасының өмірінен хабардар бола аламыз. Суреттердің көпшілігі – аңшылық жорықтар. Сондай-ақ, ежелгі тайпаның геометрияны жақсы меңгергендігі байқалады. Себебі, қабырғаға салынған геометриялық фигуралар көрген көзді таңғалдырады. Қабырғадағы аңшылық құралдар, алуан түрлі өрнектер, күн суреттері де ерекше орын алады.

Қысқасы, үндістер маңызды дегендердің бәрін тасқа қашап кеткен. "Қолдар үңгірі" тасқа салынған суреттерге бай.

Үңгір Франциско Морено саябағының аймағында жатыр. Сондықтан да, кез келген ниет білдіруші адам әңгімемізге арқау болған қызықты әрі жұмбақ мекенге жол тарта алады. Тәжірибелі экскурсия жетекшілері сіздерге суреттерді көрсетіп, бүге-шүгесіне дейін түсіндіретін болады.

Айта кетейік, суреттер қабырғаға арнайы аспаптардың көмегімен салынған. Олар – трафареттер мен қуыс түтіктер. Және суреттердің әртүрлі түсте екендігін және сол қол алақандарының басылғанын ескеру керек. Ғалымдар мұны тайпа адамдарының түтіктегі бояуды оң қолымен ұстап тұрғандықтан, сол қолдары бос болған деп түсіндіреді.

"Қолдар үңгірі" – өткеннің бесігі. Үңгір ішіне аяқ басқаннан-ақ, ежелгі әлемге саяхат жасап жүргендей боласыз. Үндіс тайпаларының бар тарихы сіздің алдыңызда жатыр, оқи алсаңыз болғаны...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2013, 12:15
Пікірлер
+0
25 қыркүйек 2013, 12:48

Кәдімгідей әдемі ))))))

+0
25 қыркүйек 2013, 12:56

шынымен, әдейі сәндеп қоятындай

+0
25 қыркүйек 2013, 16:34

Нағыз көретін жер екен

+0
25 қыркүйек 2013, 16:51

Әдемі жер.

+0
25 қыркүйек 2013, 19:15

Суретінен мүлдем басқаша көрінеді, адамдар бір жерден шыға алмай жатқан секілді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.