Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Сым-темір жейтін сәби

Сым-темір жейтін сәби

Сым-темір жейтін сәби

Сирек кездесетін Pica синдромымен ауыратын Престон қаласының кішкене тұрғыны тағам ретінде қауіпті электротехника бұйымдарын тұтынады.  

5 жасар британдық Джозеф Хьюз өз жасы үшін тым ерекше диетада. Балақайдың сүйікті тәттілері электр сымдары және өзге де өмірге қауіпті электротехникалық тұрмыстық құрылғылар болып табылады.

Баланың анасы 25 жастағы Кейт Джарвистің айтуынша, бірнеше жыл бұрын ол өз сәбиінің оғаш қылығына куә болған: балалар бөлмесіне кіргенде, ұлы телефон қуаттағыштың сымын толығымен дерлік жеп қойған екен.

- Мен өз көзіме өзім сене алмадым, - дейді Джозефтің анасы - Менің балам бір сымды толығымен жеп қойды. Мен ұлымның техникамен ойнауға құмар екенін бұрын да байқадым, бірақ бұл бізді осындай нәтижеге әкеледі деп ойламаппын.

Осы оқиғадан кейін Джозефтің отбасы уақыт оздырмай, жергілікті емхананың дәрігерлеріне тексеріледі. Бірнеше сағаттан соң, дәрігерлер желінген сымның бала денсаулығына айтарлықтай зияны тимегенін, алайда оның бойынан сирек кездесетін аурудың анықталғанын хабарлайды.

в

Анықталғандай, сәби Pica синдромына шалдыққан. Бұл аурумен ауыратын адамның бейорганикалық заттарға тәбеті ашылады екен. Дәрігерлер баланың тамақтану тәртібі бұзылғанын хабарлайды, өйткені Pica синдромының жүйке жүйесіне тікелей қатысы бар.

Баласына аз да болса көмек көрсету мақсатында Джозефтің ата-анасы үйдегі сәбиге зиян келтіретін барлық электр құрылғыларды алып тастамақшы болған. Алайда оны техникадан мүлде оқшаулау мүмкін болмапты. Үлкендердің көзін ала бере, балақай бірден электр сымдарын іздей бастайды екен.

- Бірде осындай әрекетке бармақшы болғанда, ұлымызды қатты тоқ соққан болатын. Бұл жағдай қайталанбас үшін біз оны үнемі бақылап отыруға мәжбүрміз. Cондықтан бізді баламыздың болашағы қатты алаңдатады, -дейді әкесі Люк Джарвис.

Дәрігерлер де Джозеф Хьюздің жағдайына байланысты көңіл қуантарлық жаңалықтар айта алмады: мамандардың айтуынша, Pica синдромын емдеп жазу мүмкін емес. Жеуге келмейтін заттарға деген құмарлықты медициналық препараттардың көмегімен ғана бәсеңдетуге болады. Бірақ бұл дәріні жасөспірім жастан бастап қана пайдалануға болады екен.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: fishkinet

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2013, 17:53
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2013, 17:21

Күнде сайтың жаңалықтарын оқыған сайын, ұйқым қысқарып барады.

+0
19 қыркүйек 2013, 19:37

:shock:

+0
19 қыркүйек 2013, 20:34

қалай сонда :?

+0
19 қыркүйек 2013, 22:21

қайран асқазаным

+0
25 қыркүйек 2013, 23:00

Қарлыға, дурыс айтасың! Меніңде ұйқым қысқарып бара жатыр :D Бәрінде оқығың келеді!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.