Әлемде шам мерекесі басталды

Әлемде шам мерекесі басталды

6-7 қыркүйек күндері Флоренцияда қала тұрғындары мен туристердің сүйікті мерекесіне айналып үлгерген жыл сайынғы шам мейрамы басталған болатын. Осыған орай аспанға шам жіберумен байланысты әлемдегі ең ауқымды мейрамдар жайлы толығырақ таныстыруды жөн көрдік.

Флоренция, Италия


Бұрыннан келе жатқан дәстүрлі шам мейрамы Флоренцияда 6-7 қыркүйек күндері аталып өтеді. Қала көшелері әдемі киінген қала тұрғындары мен туристерге лық толады және бәрі түрлі түсті шам бекітілген ұзын таяқ ұстайды. Шеруді кардинал басқарады және шеру ескі әндердің сүйемелдеуімен өтеді.

Әдетте бұл әндерді балалар шырқайды екен. Бір қызығы, ешкім аталған әдемі мейрамның неден туғанын, оның қайдан шыққанын білмейді-мыс. Бірақ нұсқалардың біріне сүйенер болсақ, бұрындары шаруалар бұл күні жыл сайын өтетін жәрмеңкеге асығатын болған, ал жақсы орынды иелену үшін үйден түннің бір уақытында шығып, жолды шаммен жарықтандыратын болған. Басқа бір аңызға сәйкес, күздік жәрмеңке күндері қала алаңдары «шамшырақ» деп аталған әдемі киінген шаруаларға толатын болыпты. Айтылған нұсқалардың қайсысы шындыққа жанасатыны бүгінде ешкімге маңызды емес, маңыздысы Флоренцияның осы күндері жанданып, туристерге өзінің тек жақсы жақтарын көрсетуі.

Германия


Күз аяқталуға жақын қалғанда, яғни қараша айында Германия елінде аяғы жайдары Laternenumzug шам мейрамымен жалғасатын Марин күні өтеді. Бұл мерекеде қала көшелері түрлі түсті және түрлі формадағы шам ұстаған балаларға толады екен.

Қытай


ХІ ғасырдан бері Қытай елінде жаппай Шам мейрамы тойланады. Ол ақпан айында өтеді. Бұл мереке Жаңа жылды қарсы алуға байланысты салтанаттарды тәмамдайды. Ежелгі аңыз бойынша, жаңа жылда көз жұмғандардың рухы жерге түсіп, өздерінің жақын туыстарымен аталған мейрамды атап өтеді екен. Сосын олар үйлеріне қайтатын болған және миллиондаған шамдар қайтар жолды жарықтандырып тұрады. Қытайлықтар үшін бұл мейрам Еуропалық әулие Валентин күні тәрізді – махаббат мейрамы. Бұл күні махаббат пен жанұядағы достықты білдіретін «юаньсяо» - цукаты (қант қосылған жеміс немесе жемістің қабығы) бар желімтек күріштен шарлар жасалады.

Жапония


Жыл сайын тамыз айында Жапонияның солтүстік-шығысында ең көңілді шам мерекесі өтеді десек қателеспеспіз. Оны жергілікті халық Канто мацури деп атайды. Мерекені тойлау дәстүрі бастауын ХVIII ғасырдан алады. Ол кезде шаруалар көптеген шамдары бар бамбук бұтақтарынан құрылып – Канто әзірлеп, денсаулық, мол өнімнің болуын тілеген екен. Әрбір құрылым күріштің көктеп шыққан сабағын білдіретін болған. Қазір тойлау кезінде көптеген Кантоны қала көшелеріне шығарып, барынша жоғары көтеруге тырысады. Ер кісілер бір-бірінің иығына мініп, қолдарындағы шам құрылымдарымен нағыз жанды пирамида жасайды. Бір таңқаларлығы, аталған құрылымдардың салмағы кейде 50 келі, ал биіктігі 12 метрден асып жатады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: venividi.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері