Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / 5 сәуір - Корей елінде ағаш егу күні

5 сәуір - Корей елінде ағаш егу күні

5 сәуір - Корей елінде ағаш егу күні

Бүгін, яғни 5 сәуір, Оңтүстік Кореяда ағаш егу күні. Бұл шара корей жерінде ормандарды қайта қалпына келтіру мақсатында Пак Чжон Хи басшылығымен қолға алынған болатын.

1960 жылдан бастап, 2005 жылға дейін бұл күн мемлекеттік мерекелердің бірі болып, ресми түрде бүкіл елде демалыс жарияланатын. Қазір демалыс берілмесе де, ескі дәстүр өз жалғасын табуда.

Бұл күні Оңтүстік Корея халқы өз аудандарын көгалдандыру жұмыстарына ат салысып, таулы аймақтарда ағаш отырғызады. Көбінесе жылы бұл күн Суық тағамдар фестивалімен (Cold Food Festival) тұспа-тұс келеді. Корей халқы бұл фестивальді «Хансик» (Hansik) деп атайды. «Хансик» сөзі корей тілінен аударғанда «суық тағам» деген мағына береді.

Хансик күнін корей халқы ерекше ардақ тұтады. Таң сәріден бастап, корей халқы дүниеден өткен туған-туыстарының бейітіне барады. Марқұмды еске алып, бейіт айналасын тазартады. Екі шара қатар келгендіктен, бұл күні бейіт айналасына ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл күні суық тағаммен ауқаттану дәстүрі Қытай елінен келген деген аңыз-әңгімелер бар. Алайда, бұл аңыздар қазіргі таңда бірте-бірте ұмытылуда.

«Ағаш егу әр азаматтың басты парыздарының бірі» деп санайтын корей халқы бұл мерекелерді асыға күтеді. Жыл сайын жаңа көшеттер отырғызылып, ормандағы ағаштар тазартылады. Сондай-ақ, бұл күн егістікті бастауға, астық отырғызуға ыңғайлы деп саналады.
Игі іске толы мұндай мереке әлемнің бірқатар елдерінде бар. Қытай халқы көгалдандыру жұмыстарын жыл сайын 12 наурызда өткізіп тұрады.

Суреттер: bambooclub.ru, supersadovnik.ru

6954 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 сәуір 2012, 11:36
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 12:40

Біздің Қазақстанда осындай "ағаш отырғызу күні" белгілеген бе?

+0
05 сәуір 2012, 12:43

Өкінішке орай, жоқ :(

+0
05 сәуір 2012, 12:49

көктем шығысымен -ақ мектепте әр оқушы жүз жас шыбықтан әкеліп өткізетінбіз. Сосын арнайы сенбілік жасап,соны егетінбіз. Ол үшін арнаулы күннің қажеті жоқ меніңше

+0
05 сәуір 2012, 19:09

корейліктер тыным таппайды әйтеуір :roll:

+0
06 сәуір 2012, 12:12

Корейлердің киносынан көргенім ағаштарында жапырақ жоқ сияқты. Әйтеуір қызғылт, ақ гүлдер қаптап тұрад бұтағының өн бойында. Соны кім түсіндіріп береді екен маған№ :mrgreen: Ал мына суретте жап-жақсы көктеген ағаштар отырғызып жатыр екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...