Каллендер қонаққа шақырады

Каллендер қонаққа шақырады

Вампирлердің өмірін баяндаған «Сумерки» фильмінің танымалдылығына біраз уақыт өтсе де, иелеріне табыс әкелуден шаршайтын емес. Атақты Каллендердің үйі сатылымға шықты. Мұнымен қатар, үй осы күндері жанкүйерлеріне мұражай ретінде қызмет атқаруда.

Вампирлердің стильді үйі Ванкувердің батысында орналасқан. Үйдің жалпы көлемі 500 шаршы метрді құрайды. Ал сатылым бағасы 3,3 миллион АҚШ доллары.

Үй 5 жатын бөлме, әдемі бассейн, қолайлы кітапхана және асханамен жабдықталған. Үйді құрастырушы дизайнер - Артур Эриксон. Түсірілім аяқталған соң, иелеріне үйді сату туралы идея келген. Үйдің иесі ұтымды сәтті пайдаланып, вампирлер фильмінің арқасында үлкен ақшаға ие болуы мүмкін.

Үйдің суреттерін қарап сіз де ойланып көріңіз, мүмкін оны сіз сатып аларсыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: sumerki.ru

Қ. Бүйенбай