Тайвань елінің қыздары

Тайвань елінің қыздары

Тайвань халқының қыздары өзінің көрікті келбеті мен жұмсақ мінезімен тартымды. Бұл елдің қыздары сәнге құмар. Алайда, батыс сәнгерлерінің айтуы бойынша, тайваньдықтардың сән талғамының деңгейі өте төмен. Олар үстеріне жараспаса да кез келген киімді кие салады. Сол қалпымен жұмысқа да, мейрамханаға да бара алады. Сондай-ақ, тайвань қыздары танымал брендтердің өнімдеріне құштар болып келеді.

Тайвань қыздарының шаштары қалың әрі түзу болып келеді. Бірақ та, олар бұйра толқынды шашты аңсайды. Сол себептен де олар химиялық бұйралауға жол беріп, шаштарын ашық түстерге бояйды. Жасыл, қызғылт, күңгірт шашты тайвань қыздары кейбір аниме кейіпкерлеріне ұқсап кетеді.

Тері күтіміне аса мән беретін тайваньдықтар ағартатын косметикалық бұйымдар мен безеу-секпілге қарсы дәрілерді көп мөлшерде қолданады. Олардың басым көпшілігі халық еміне ден қояды.

Терінің ақтығын сақтау мақсатында кейбір қыздар жағажайда күнге қыздырынбайды. Беттерін жауып, күн сәулелерінен қорғанады. Содан болар, Тайвань елінде солярий орталықтары жұмыс істемейді.

Күнделікті қолданатын опа-далапқа келер болсақ, тайвань қыздары қатты боянғанды ұнатады. Ең бастысы, макияж бірден көзге түсу керек. Сол үшін олар ашық түстерді көп қолданады. Сондай-ақ, тайвань қыздары жалған шаш, кірпік, тырнақ жабыстырғанды қатты ұнатады. Көздеріне түрлі-түсті линза тағады.

Тайвань елінде спа-орталықтар мен сұлулық салондары сирек кездеседі. Бірақ та, бұл аралда массаж орталықтары кеңінен танымал. Жұмыс күнінің аяғында ерлер де, әйелдер де дәстүрлі ань-мо массажына барғанды қалайды.

Аралда фитнес-орталықтар мүлдем жоқ. Бірақ, әр ауданда саябақтар орналасқан. Әр саябақ металл жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Жүгіру мен жүру жолдары қарастырылған. Күнделікті таңертең саябақтарда жаттығушылар мен бапкерлер би және йогадан сабақ береді.

Тайвань қыздары көбіне диета ұстамайды. Артық салмақ тастауды көздеген кезде олар тек жеңіл тамақпен ауқаттанады. Аралдағы әр ауданның өзінің ас мәзірі бар. Бірақ та, күріш пен кеспе барлығына ортақ тағам. Жергілікті халық ащы-тұщы тағамдарға жаны құмар.

Тайвань қыздары ашық-шашық киініп, қатты боянса да, олар ата-аналарының қас-қабағына қарайды. Ер-азаматтардың үйленгенше қыздардың қолынан ұстауға құқығы жоқ. Қазіргі таңда, Тайваньда ерлер мен әйелдер тең дәрежеде. Сондықтан болар, бұл елде ажырасу коэффициенті өте жоғары. Көбінесе, ажырасуға арызды әйелдер жазады. Себебі, бұл елде бала туу үшін қисынсыз жоралғылардан өту керек. Мысалы, жүктіліктің соңғы айларында аяғы ауыр келіншек басын жумауы керек. Шашты жуған кезде суық тиіп қалады деген қауіп бар.

Тайвань елінде медицина өте жақсы дамығанымен, әйелдер қауымы үйлерінде босанғанды қалайды. Себебі, дәрігерлердің балаға көзі тиіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, алғашқы айда бала мен ана бірге болуы керек. Бөтен жандарға, тіпті туған әкесіне баланы көруге рұқсат бермейді. Осы уақыт ішінде босанған келіншек пен балаға жақын әйел туыстары қарайды.

Суреттер: cosmo.ru, photogorky.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?