Әуе билеттеріне онлайн тапсырыс беру

Әуе билеттеріне онлайн тапсырыс беру

Әуекомпания қызметтеріне көпшілік жүгінетіндіктен, соңғы жылдары, ұшаққа билет онлайн сатып алу кең етек алуда. Ғаламтор желісі арқылы билет сатып алу уақыт пен ақша-қаражаттарын үнемдейді.

Кез келген авиакомпания мен туристтік агенттіктердің ғаламтордағы мекен-жайында билеттерге онлайн тапсырыс беруге болады. Арнайы парақшада онлайн тапсырыс беруді ережелері мен нұсқаулары көрсетіледі. Керекті жолдарды толтырғаннан соң, электрондық жүйе іске қосылады. Бұл жүйе арқылы бүкіл әуежай мен туристтік агенттіктер өз ақпараттарын толықтырып, жаңартып отырады. Жаңартылған ақпарат негізінде қажетті ұшақ рейсінің уақыты мен билет бағасын білуге болады.

Қалаған уақыт пен билет құнын таңдаған соң, тапсырыс бересіз. Сізге ұшақ уақыты мен басқа да қажетті ақпараттар көрсетілген электрондық құжат беріледі. Бұл сіздің тапсырысыңызды растайтын аса маңызды құжат.

Онлайн сатып алудың ең басты артықшылықтары:

-         Сіз билет бағасының құны мен ұшақ рейсінің уақытын қадағалай аласыз;

-         Шұғыл шаруаларыңыз шығып, демалысқа бара алмай жатқан кезде, сатып алынған билетті өзіңізге ыңғайлы уақытқа өзгерте аласыз;

-         Қонақүй мен ұшақтағы орындарды өзіңіз таңдай аласыз;

-         Көрпеңізге қарай көселіп, тиімді бағамен билет сатып ала аласыз;

Ең бастысы, қол астында ғаламторға қосылған компьютер, принтер және несиелік карта болу керек.

Суреттер: kz.all.biz, http://moymir2.ru/ 

Ғ. Ұзақ