Сент-Люсияның джаз фестивалі

Сент-Люсияның джаз фестивалі

Кариб мерекелері екі топқа бөлінеді. Біріншісі- арал ұлттарының болмысы мен мәдениеті көрсететін дәстүрлі карнавалдар болса, екіншісі- жергілікті туризм құрылымын қолдау мақсатында өткізілетін мейрамдар. Бірінші топқа енетін бірнеше мерекелер бар, ал, екінші топқа жататын Джаз фестивалінің орны ерекше. Жаңа мүмкіндіктерге бай өзге аралдармен бәсеке орнату үшін және аралға саяхатшыларды тарту мақсатында фестиваль 1992 жылы ашылған болатын.

Бұл өте сәтті бастама болды. Бүкіл арал екі апта бойы джаз ырғағына тербеледі. Фестиваль Кариб аймағының мақтанышына айналып қана қоймай, әлемнің ең үздік бес музыкалық фестивальдерінің қатарында енді.

Мамыр айының басынан бұл жақта музыкалық ырғақтар орындалады. Өнерсүйер қауым джаздың әр түрлі бағыттағы шығармаларын тыңдай алады, атап айтсақ, трэд-джаз, акустикалық джаз, нью-эйдж-джаз, фьюжн, калипсо және ритм-энд-блюз. Кариб аралы, АҚШ, Латын Америка және Африка елдерінен келген музыканттар джаз сүюші тыңдарман қауымның базынасын көтеріп қана қоймай, осы арқылы халықаралық деңгейде джаздың мәртебесін жоғарылатады.

Фестиваль мамыр айының алғашқы екі аптасында өткізіледі. Сахнада ресми өнер көрсетіліп, джаздан тыс көптеген мерекелік іс-шаралар болады.

Суреттер ғаламтордан алынды