Ысқыру фестивалі (видео)

Ысқыру фестивалі (видео)

Әр жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ысқырғыштар (свистун) Солтүстік Каролина штатына ағылып жатады. Өнер өлкескінде бас қосқан жасы мен кәрісі естілім (резонанс), дауыс ырғағы (интонация), сахналық түр-келбет жағынан жарысқа түсіп, ең атақты сонаталардан үзінді келтіреді. 

Ең алғаш жарыстың бұл түрін Аллен Де Харт дүниеге әкелген. Алыс 1970 жылы. Франклин мен Луисбург аймағында фестиваль ұйымдастырады (дәстүрлі әндер мен оңтүстік өлкенің би өнері сынға түсетін болған). Кейіндеу араға бір жылды салып барып, Даремнен барған Дэррел Уильямс есімді жас жеткіншек аталған фестивальдың кезекті кешінде ән айтудың орнына, өзі ойдан шығарған композициясына ысқырып берейін деп өтінеді. Төрешілер келісім береді. Ысқыру өнері сол уақыттан бастап аймақтық деңгейге көтеріліп кете барған. 

Осы жылы "әлемнің ең үздік ысқырғышы" атағына 60 үміткер келіп қатысқан. Жасөспірімдер арасында Жапониядан келген 14 жасар Марина Катоның есімі озып шықты. Дәстүр бойынша, жапон қыз-келіншектеріне ысқыруға тыйым салынған, алайда, Като бұған аса мән бермейтін секілді. 

Соғыс жылдары танымал болған ысқыру өнері бүгінде қалыс қалып бара жатқан салалар қатарында. Адам денесінің керемет құрал ретінде пайдаға аса алатындығы ұмытылып кеткен сыңайлы?!

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: ru.ambuba.com 

Л. Лига