БАӘ-де ең үлкен қонақүй бөлмесі таныстырылды

БАӘ-де ең үлкен қонақүй бөлмесі таныстырылды

БАӘ (Біріккен Араб Әмірліктері) ірі қаласының бірі Абу-Дабиде орналасқан St. Regis Saadiyat Island Resort отелі өз қонақтарына қызмет көрсететін ең үлкен қонақүй бөлмесін таныстырды. Royal Suite ("Корольдік нөмір") аталған нөмір Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең үлкен бөлме саналып отыр. Оның жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метрді құрайды. Ал мұндай кең бөлмеде бір түнеп шығу үшін 26,5 мың еуро қажет. 

1

2

Екі деңгейлі етіп жасалған нөмірде төрт бірдей жатын бөлмесі бар. Тек бір ғана нөмір отельдің батыс бетіндегі екі қабатын алып жатыр. Оның дизайнын БАӘ-дегі Enigma Design компаниясы жасап шыққан екен. Бөлменің интерьері толықтай "жылы" түстермен көмкерілген. Нөмір ішінде хауыз, роялі бар қонақ бөлмесі, 12 адамға арналған түстену залы, миникинотеатр, бильярд ойнау залы бар. Келген қонақтар шығанақтағы күннің бату сәтін үлкен террасадан тамашалай алады. Одан бөлек нөмірде теңізге тікелей көрініс беретін үлкен ванна, спа және сауна да қарастырылған. 
3

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет