Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Мәңгілік оттың сарқырамасы

Мәңгілік оттың сарқырамасы

Мәңгілік оттың сарқырамасы

Нью-Йорк қаласындағы Честнат Ридж саябағында шағын ғана сарқырама орналасқан. Оны жергілікті халық "Мәңгілік оттың сарқырамасы" деп атайды. Бұл маңда қашанда от жанып тұрады. От ара тұра сөніп қалады, мұндайда осы саябаққа келген туристер оны жағып кетіп жатады.

Тағы бір ерекшелігі, сарқырамадан бұзылған жұмыртқаның иісі шығады (газдан болса керек-ті). Оның жанында отты желден және судан қорғап, ұзақ жануына жағдай жасайтын жарықшақ орналастырылған. Ұзындығы тоғыз метрден асатын сарқырама екі бағытқа бөлініп құлайды. "Мәңгілік оттың сарқырамасы" – Солтүстік Америкадағы ең сирек кездесетін туристік орындардың бірі.

Индиана университетінің ғалымдары Нью-Йорк штатындағы Честнат Риджтау саябағының астындағы тау жыныстары мәңгілік от "қоректенетін" газды өндіруге қауқарсыз (температурасы жеткіліксіз) дегенді айтып отыр. Бұл дегеніміз, газды басқа бір механизмнің өндіретіндігін білдіреді. Мамандар әзірге мұның жауабын таба алмай отыр.

Су астындағы отты жаққан осыдан мың жыл бұрын өмір сүрген жергілікті американдықтар деген тұжырым бар. Мұндай табиғи оттар біздің планетамызда санаулы ғана, ертеректер ғалымдар оларды тау жыныстары өндіріп шығаратын табиға газдардың әсерінен сақталып тұрады деп паймымдайтын еді. Алайда, зерттеудің авторы Арндт Шиммельманн "Мәңгілік оттың сарқырамасының" астындағы тау жыныстарының температурасы бір шыны шәйдің температурасындағыдай ғана дегенді мәлімдеді. Сонымен қатар, тау тақтатастары айтарлықтай кәрі емес те болып шықты. Осы екі фактор оттың құпиялығын арттыра түсуде.

Шиммельман: " Біз газдық генерацияның осы ауданда басқа бір көзі бар деп ойлаймыз, бәлкім, мұндай ерекше тәсіл планетамыздың өзге жерлерінде де кездеседі. Олай болса бұл жағдайды одан сайын шиеленістіреді. Біздің алдымызда әлі де ұзақ зерттеулер күтіп тұр" деген екен.

Жаз мезгілінде отбасылы адамдар  Честнат Ридж саябағына жиі келеді. Бұл жерде туристік маршруттар, велосипедке арналған жолдар, ойын алаңдары, тенниске арналған,көкке шығуға ниет білдіргендерге арналған алаңқайлар бар.

"Мәңгілік алаудың сарқырамасы" көктем мезгілінде(қар ерігенде) және күздің жауынды күндерінде қатты толысады. Және осы кезеңдерде сарқыраманың ең сұлу көрінісін тамашалауға мүмкіндік туады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 тамыз 2013, 12:48
Пікірлер
+0
06 тамыз 2013, 17:19

әлем бізді күніге таңқалдыруда :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.