Кітапханадағы дискотека (видео)

Кітапханадағы дискотека (видео)

Даңғазасыз дискотека? Құлаққа жағымды естілері анық әрі кітапқұмар жандардың көңілін сергітуге тамаша мүмкіндік.

“Hush” (“Ты-ны-ш-ш”) аталып кеткен осы бір шара Нью-Йорктың қоғамдық кітапханасында орын алып отыр. Танцполға келген жанның қолына диджейдың пультіне жалғанған сымсыз құлаққап (наушник) беріледі. 

Кеш барысында жастар құлаққап арқылы қол-аяқтарын бір тынымсыз икемге келтіріп, музыка ырғағында билей алады. Және ешбір ыңғайсыздықтың орын алмасына кепілдік бар. Бұл көрініс сырттан қараған адамға кітапхананың негізгі заңын (Шуламаңдар!) аяққа баспас жастардың толы тыныштықтағы сауығына ұқсайды.

Даңғазасыз дискотекаға қалай қарайсыз?

Cурет: tripadvisor.ru; facebook.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига