Шөл даланың жақұты

Шөл даланың жақұты

Саяхатты сүйесіз бе, оқырман? Дөңгеленген дүниенің ең әдемі, ең ерекше орындарын көруге деген құштарлығыңыз зор ма? Және саяхат жолындағы қиындықтар мен кедергілерге көз жұма қарауға дайынсыз ба? Ендеше, заттарыңызды жинаңыз да шөл даладағы жақұтты іздеу үшін Африка жеріне аттаныңыз!

Соңғы археологиялық зерттеулер ежелгі Феццан, Ливия жерлеріндегі бірнеше тұщы сулы көлдердің болғандығын айтып отыр. Олардың бірнешеуі елдің оңтүстік аймақтарында орналасқан. Зерттеу нәтижесінде табылған олжалардың ішінде органикалық заттардың қара қабаттары, бақалшақтар, балталар және тағы сонда палеолит, неолит дәуіріне жататын құралдар бар. Олардың барлығы да Феццанда адамдардың тұрғандығын дәледейді. Аталған көлдерді аңызға айнаған Тритонис және Чад көлдерінің бір жүйесі деуге болады. Көлдердің жасы толық зерттелмегенімен, 3000 жыл бұрын жоғалып кетті деген болжамдар бар. Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болғалы отырған Убари көлдері де көненің көзі саналады. Ғалымдар Убаридың айбынды құм төбелерінің жасы 100 000-ға жеткендігін айтып отыр. Убари көлдері – шағын ғана оазисте орналасқан және сонау ерте замандаран жалғасып келе жатқан ұлы су экожүйесінің қалдықтарын әлі күнге дейін бойында сақтап отыр.

Биік төбешіктер мен пальма ағаштарының құшағында жатқан қазіргі Убари көлдер жүйесі үлкенді-кішілі 20 көлден тұрады. Әдетте туристер осы көлдерді "бағындыру" үшін Ткербикадағы зерттеу кемпингіне (автотуристер лагері) барып жатады. Көлдердің тереңдігі жеті метрден отыз екі метрге дейін өзгеріп отырады. Ең көркем көлдер ретінде Габерун және Су Анасы атанып кеткен Умм әл-Мааны атауға болады. Ал туристердің ең аз баратын көлдері Умм әл-Хьисан және Оум әл Хассан екен.

Габерун көлінің бір жағалауын таңғажайып төбелер мен пальма ағаштары алып жатса, келесі жағалауында ойран болған көне ауыл жатыр. Көлдің тұздылығы өте жоғары, теңіз суынан бес есе ащы келеді. Көлде бәліш пісіруге пайдаланылатын қызыл түсті майда асшаян тектес жәндіктерге пана болып отыр. 

Габерун атауы  Gaber (қабір) және A'awn (есім) деген екі сөзден құралған. Көл суының беті салқын келеді де, астыңғы жағы ыстық болады.

Көне қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі берберлік асыл тастардың дүкендері, демалыс орындары орналасқан туристік лагерь көлдің солтүстік-шығысында орналасқан.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер: lifeglobe.net