Ағашпен бірге өскен велосипед

Ағашпен бірге өскен велосипед

Мүмкін, сіздер де мынадай суретті интернеттен бір байқап қалған боларсыздар. Үлкен ағаштың жартысына кіріп кеткен бұл велосипедтің өз тарихы бар.

Жақында Америка Құрама Штаттарында өмір сүретін 99 жасар кәрі апа осыдан жарты ғасыр бұрын өз баласы жоғалтып алған велосипедтің осы екендігін таныған. Вашингтон штатындағы Vashon Island жеріндегі жергілікті тұрғын Хелен Паздың сөзінше, 1954 жылы күйеуінен айрылып қалған тұста баласы Донға оның көршісі осы велосипедті сыйлаған көрінеді.

«Біздің көршілер өте мейірімді, әрі жомарт адамдар еді. Жұбайым өмірден өтіп, Дон екеуміз жалғыз қалғанда олар бізге көп көмектесті. Сөйтіп жүргенде, күндерді бір күнінде көршілерімнің бірі балама велосипед сатып әперген болатын», - деп еске алады Хелен Паз.

Бірде велосипедтен жалыққан сегіз жасар Дон оны орманда қалдырып кетеді. Әдейі «ұмытып», үйіне қайтады. Одан он жылдай уақыт өткенде Вашингтон штатындағы бір орманнан ағашқа тығылған ескі велосипед табылады. Шамасы, велосипед жас талдың үстінде қалып қойса керек. Жас тал өскенде оның үстіндегі велосипед те бірге өсе берген.

Хелен Паз бен оның Ұлы Дон осы көрініске өз көздерін жеткізу үшін орманға соғып, оны бірден таниды. 1954 жылы көршісі сыйлаған велосипедін көріп, екеуі де таңданысын жасыра алмаған.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: billionnews.ru

А. Әбілхан