Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Сергелдеңдердің мұқтажы не?

Сергелдеңдердің мұқтажы не?

Сергелдеңдердің мұқтажы не?

Түн пердесі жамылысымен, Германияның Ганновер қаласының кейбір көшелеріндегі дүкендердың алдында алаңсыз ұйқыға бас қойған сергелдеңдерді көресің. Жазда ғой, ештеңе етпейді. Ал, қақаған қыс келгенде сергелдеңдердің күн көрісі қиынға соғады.

2005 жылдан бастап Ганновер сақшы мекемесі кеште шарлауға бір бөлім адам ұйымдастырады. Олар сергелдеңдерді үкімет жағынан ашылған құтқару орындарына баруға үгіттеу үшін ұйымдасқан топ болатын. Өйткені, ол ара қаңыраған көшеден әлдеқайда жылы еді. Бірақ, сергелдеңдер бұған көне қоймайды. Олар қыстың қақаған суығына әлдеқашан дағдыланып кеткен сияқты. Тозығы жеткен көрпелерін жамылып, еденге сұлай кетіп ұйқы соға беретін.

Сергелдеңдер орын ауыстыруға көнбей қойғандықтан, сақшылар да амалсыз дағдарады. Қоғамның көңіл бөліп отырғандығын әйгілеу үшін, олар үзбей келіп, олардан не мұқтаждықтары барын сұрап тұрады. Бір ғажабы, сергелдеңдер шеттерінен жігерлері жалындап тұрғандай-ақ, үкіметке ешқандай талап қоймайды.

2011 жылы жаңа жыл қарсаңындағы кеште сақшы мекемесінің бастығы әлденеше ақпараттық орындардың журналистерін бастап Ганновер қаласының бастығы өзі келіп, сергелдеңдерге жаңа жылдық сауға ұсынып, олардан хал сұрайды.

Қала бастығы жасы егделеу бір ақсақалдың жер төсегінің жанына келіп, хал-жайын біледі. Бірақ, бұл сергелдең қала бастығына жауап береуге нәумез қалып танытады. Дегбірсізденген қала бастығы одан:

- Неменеге мұқтажсыз, нені қажет етесіз? Біз мүмкіндікті барынша қанағаттандырамыз, - дейді. Ал оның мұндай сұрақтардан әбден мезі болған түрі бар. Кейісті бейнеде:

- Жылда сұрайтындарың осы. Бірақ, біз сауғаларыңа да, азық-түліктеріңе де, көрпе жастық пен қамқорсыған осы түрлеріңе де мұқтаж емеспіз. Бізге қажеті тыныштық! Түнгі ұйқымызды түні бойы тыным алмайтын көліктердің даусы бұзбаса екен дейміз. Біз жұлдыздар төбеде жамырап тұратын жым-жырт түнге мұқтажбыз, - деп жауап қайтарады.

Олар түннің тыныштығына ғана мұқтаж екен. Бұл қала бастығының да, басқалардың да мүлде ойламаған жайы еді.

Келесі күні бұл хабар бүкіл қалаға таралып, Ганновер қала жұртшылығын қатты толқытады. Қала бастығы:

- Біз олар тоңып-жаурап, ішіп-жемнен тарығып жүр екен дегенді ғана ойлаппыз. Олардың ең зәру болып отырғаны – өздерінің тәтті ұйқысы екенін естен шығарып алыппыз, - дейді.

Қала бастығы «Кешкісін көлік атаулы, мейлі әлеуметтік қызмет өтеу көліктері болсын, әлде жеке көліктер болсын, мүмкіндіктің барынша, сергелдеңдер түнейтін сол бір көшелердің бойымен өтпейтін болсын. Түні бойы шырағын сөндірмейтін көрме терезелері, сауда сарайлары мен дүкендер есік алдындағы шырақтарын түнгі оннан кейін сөзсіз өшіріп, сергелдеңдердің тыныш ұйқысына жағдай жаратсын» деген үндеу шығарады.

Қала бастығының бұл үндеуіне Ганновер қала жұртшылығы да үн қосады. Бірде-бір жүргізуші немесе сауда дүкендерінің қожайындары ешқандай наразылық білдірмейді. Есесіне әлі жолға қойыла қоймаған бұл белгілемені саналы түрде атқарып жүре береді. Күні бүгінге дейін түн пердесі жамылысымен, Ганновер қаласының сергелдеңдер шоғырланған сол бірнеше көше құлаққа ұрған танадай жым-жырттыққа шомып тұр. Оқта-текте шыққан дыбыстар да сондай әлсіз.

Егер бір елдің азаматтары әлжуаз халықты құрметтеуге жабылып атсалысса, сол елдің шынайы өркениеттіліктен алыс болмағаны. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: baidu.com

231 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2013, 13:10
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2013, 15:14

былайынша сергелден болып журген маган унайды :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...