Қайық-субұрқақ

Қайық-субұрқақ

Қарамен жиектелген борты мен ақ желкені, сыңар ескегі бар қайықтың субұрқақ болып шыққаны шынында да тамаша емес пе?! Осы бір шап-шағын бірегей субұрқақтың өз атауы бар - “Fuente del Barco de Agua”.

Ғажап композиция түгелдей дерлік судан тұрады. Арқалық тұстан арнайы ойластырудың арқасында атқылап тұрған ағын су біртұтас композиция секілді айныма қалыпты көрсетеді.

Валенсия қаласындағы Мальварроса алаңқайында тұрған субұрқақ бір уақытта иллюзия жасап, көз алдыға қозғалып тұрған қайық корпусын келтіреді.

сурет: vk.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига