Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Шоколадтан жасалған Nike кроссовкалары

Шоколадтан жасалған Nike кроссовкалары

Шоколадтан жасалған Nike кроссовкалары

Голландия азаматы Йост Гудриаан NIKE-тың жаңа кроссовкаларын жасап шықты.  Өкінішке орай, ол аяқ киімді қолдана алмайсың. Тіпті аяғыңа да кие алмайсың себебі, ол не теріден не матадан да емес, шоколадтан жасалған.

Йост Гудриаанның айтуынша, атақты өндірушілердің жаңа кроссовкаларын сатып алып, оларды еш кимейтін бірнеше досы бар екен. Олар тіпті қорабын ашпайтын көрінеді. Неге десеңіз, ашқан бетте құны бірнеше еселеп төмендеп кетеді-міс. Сонымен қатар, олар өздері сатып алған Nike, Adidas немесе Reebok өнімдерінің жақсы сақталып қалуы үшін қажетті температура мен ылғалдығы бар арнайы бөлмеде сақтайды екен.

Голландиялық суретші осындай адамдарды мазақ қыла отырып, киімнен не болмаса аксесуарлардан пір жасамауға шақырады. Гудриаан мұндай заттарды барынша қолданған жөн деп есептейді. Сондықтан болар, жаңа кроссовкиларды кимей сақтап қоюды барып тұрған ақылсыздық деп санайды.

«Ләззат өмір» деген принципіне иллюстрация ретінде Йост Гудриаан NIKE Air Max 1 маркалы кроссовкалардың он шақтысын әдетте қолданылатын тері немесе матадан емес, ақ, қара және сүтті шоколадтан жасап шыққан.

Бір жағынан өзінің жұмысында Йост Гудриаан сүйікті кроссовкаларын дұрыс сақтамаған жағдайда қорабынан алынбай тұрып бұзылып кетуі мүмкін деп есептейтін аяқ киім коллекционерлерін мазақ қылады. Себебі, шоколад дәл осындай жағдайға әкеледі – ол температураның сәл көтерілгенінен ери бастайды.

Екінші жағынан, нидерландық суретші заттарды өзінің қызметіне сәйкес қолданып, одан ләззат алуға шақырады. Мысалы, шоколад па, онда оны жеу керек.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: kulturologia.ru

409 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 20 мамыр 2013, 11:37
Пікірлер
+0
20 мамыр 2013, 11:44

уау, ағын жегім келіп кетті ғой :P

+0
20 мамыр 2013, 15:19

соны айтам Айконаа

+0
20 мамыр 2013, 21:05

тәттісін аййййй

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...