Әлемнің ең биік ғимараты тұрғызыла бастады

Әлемнің ең биік ғимараты тұрғызыла бастады

Сауд Арабиядағы Джидда қаласында әлемдегі ең биік ғимарат болатын Kingdom Tower жобасы жасалды. Ағымдағы жылдың наурыз айында аса ірі жобаның құрылыс жұмыстары басталады. Архитекторлардың ойынша, "Корольдік мұнара" әлем кереметтерінің бірі деген атаққа үміткер болады.

Жобаланған ғимараттың биіктігі 1001 метр болуы тиіс. Ол атақты Бурж Халифадан 173 метр биігірек болмақ.

Kingdom Tower-ді әлемдегі ең биік ғимараттармен салыстырған кезде...

Құрылыс айналасында болашақта шағын қала орын алады. Жоспар бойынша аталған қалашықта 80 мыңға дейін адам өмір сүретін болады. Ал көк тіреген ғимараттың үстінен кез келген бағытта 140 шақырымға дейінгі жерді көре алуға болады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: open.az

Ж. FM