Байлар бастаған тізімнің қай сатысында тұрсыз?

Байлар бастаған тізімнің қай сатысында тұрсыз?

Жылдық табысыңызды есепке ала отырып, бүкіл жер шарындағы байлармен бір қатарда қай орында тұрғаныңызды білгіңіз келе ме? 

«GlobalRichList» жобасы. Жер шары адамдарымен бірге өз үлес-салмағыңызды (байлық) анықтай аласыз.  

Лондондағы «Poke» агенттігі жаңа бастама бастап отыр: ол үшін осы бір сайтқа кіріп, жылдық табысты есептеуге мүмкіндік беретін валютаны таңдап, сосын жылдық табысыңызды арнайы бөлікке жазып, «Show me the money!» тетігін басу қажет. 

Сол арқылы байлар бастаған әлемдік тізімнің бір сатысынан шыға келесіз. Тіпті, кескіндеме арқылы қай жерде тұрғаныңызды да көре алмақсыз. 

Бұл бағдарлама - Бүкіләлемдік Банк пен «Poke» агенттігінің бірлескен жобасы. 

"Әлемнің 225-тей ең бай адамдары жер шарымыздың 1 триллион долларға жуық байлығына ие. Дәл осындай байлық көзін әлемнің 2,5 миллиардқа жуық кедейлері бірігіп құрайды" - дейді әлеуметтанушы. 

Жоба авторларының сөзіне қарағанда, адамдар өздеріне тиесілі "көл-көсір байлықтарына" шүкіршілік етіп, ендігі уақытта тәуба деп жүрмек.

сурет:yuriyyakovchenko.com -

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига