Вьетнамда "айдаһар көпірі" ашылды

Вьетнамда "айдаһар көпірі" ашылды

Осыдан бір апта бұрын Вьетнамда айдаһар бейнесіндегі алып көпірдің ресми ашылуы болып, ол халыққа пайдалануға берілді. Көпірдің құрылысы 2009 жылы басталған екен. Оған жалпы құны 85 миллион доллар қаражат кеткен. Болаттан құйылып жасалған көпір ұзындығы 666 метр болса, ені 37,5 метрді құрайды. Онда жол қозғалысына арналған алты жолақ сызылған. 

1

2

Dragon Bridge деп аталған көпірдің аркасы Ли династиясы кезіндегі айдаһардың денесі іспеттес етіп жасалынған. Ең қызығы, айдаһардың ауызы оқтын-оқтын от шашып тұрады. Ал көпір конструкциясында орналасқан 2,5 мың жарық диодтары түн мезгілінде оған керемет көрініс сыйлайды. Сондай-ақ, айдаһар оттан бөлек су да шаша алады екен. Ал көпір жобасын американдық Louis Berger Group компаниясы дайындаған. 

3

4

7

9


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет