Күлкілі ұрлық процесі (Видео)

Күлкілі ұрлық процесі (Видео)

Австралиялық ұры қашамын деп жүріп, есік терезесімен соғысып, есінен танып қалды.

Инцидент 31 наурыз күні орын алған. Шамамен таңғы 10.00-де ұры Market Place дүкенін аралап жүрген азаматшаның сөмкесін тартып алып, қаша жөнеледі. Дегенмен арам пиғылды жігіт есіктің жабық тұрғанын байқамай, терезеге соғылып қалды. Оқиғаны сауда үйінде орналасқан видео камералар түсіріп алды.

Куәгерлер дереу жәбірленуші азаматшаға көмектесуге ниет білдіріп жақындай берген кезде, жақын маңда тұрған автоның ішінен ұрының сыбайласы түсіп, жиылғандарды қуа бастайды. Ол осылайша жолдасын машинаға қарай сүйрей жөнеледі.

Полицейлердің айтуынша, ұрылар мініп жүрген көлік те ұрланған болып шықты. Қазіргі кезде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді іздеу жұмыстарымен айналысуда.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: YouTube сайтынан скриншот