Сағыздан үй тұрғызылды

Сағыздан үй тұрғызылды

Франциялық суретші Жереми Лаффон кәдімгі сағыздан мүсін жасап шықты. Биіктігі 2 метр, ұзындығы 3 метр композицияны құрастырып шығу үшін Лаффон 4 мың пластинка сағыз пайдаланған.

gh

j

Автор туындысы үшін бірнеше ай еңбек етіпті. Жұмыс қарапайым картадан үй тұрғызу принципі бойынша жүрген. Материалдың иілгіштігінің арқасында суретші күрделі геометриялық структуралырды еш қиындықсыз құрастыра беруге мүмкіндік алды.

Дегенмен туындысын көпшілікке ұсынғаннан кейін автор оны көптің көзінше құлатып тастады. Лаффон ол үшін бірнеше пластинканы ерітті. Құрылыс осылайша жұрттың алдында жаймен құлай бастады.

hj

gh

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: vk.com, ria.ru, www.lanzy.ru, news.a.ua

Massaget