Калифорнияның пингвиндері iPad-тағы ойындарға құмар

Компьютер ойындары адамды қойып, жан-жануарларға көшкендей. Калифорнияның "Aquarium of the Pacific" океанариумінде пингвиндер ойыннан бас алмайтын көрінеді.

Көктем мезгілі көшіп келген сәтте пингвиндер өздеріне сыңар іздей бастайды. Ол қатарда үлкен пингвиндерді айтуға болады. Ал жас мөлшері кіші пигнвиндер жүріп-тұруға жаттығып, ертерек есеюге тырысады екен. 

Океанариум қызметкерлерінің сөзіне сенсек, жасөспірім пингвиндер iPad-тағы "Game for Cats" ойынына қатты қызығып, енді міне күні-түні бас алмай ойнай беретін болып шыққан.

сурет:.draganadjermanovic.com 

дайындаған: Фараби Арыстанбек

Бөлісу: