Шыбындар Марсқа ұшуда

Шыбындар Марсқа ұшуда

Халықаралық ғарыш станциясындағы экипаж мүшелеріне Жер бетінен азық-түлік пен сый-сыяпаттар жіберіліпті. Ресейлік «Прогресс» жүк кемесі екі тоннаға жуық зат тасымалын сәтті жеткізе алған.

Команда мүшелері азық-түлік пен психологтардың сәлем-сауқаттарын қабылдапты. 

Ішіп-жемнен бөлек, оттек регенерациясы жүйесіне қатысты жаңа блок және биотехнологиялық сынақтарға керек құрылғылар алып барылған.

Сый-сыяпаттардың қатарында шыбын-дрозофилалар мен бактериялар, саңырауқұлақтардың болуы экипаж мүшелерін таң-ташама қалдырған. Алдағы уақытта аталған тіршілік иелерінің ғарыштық ортадағы өмірлері басты нысанға алынбақ екен.

сурет:sfaq.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига