Ешкі зары - жаңа интернет-тренд!

Ешкі зары - жаңа интернет-тренд!

Әр күн сайын әлемде жаңа интернет-тренд дүниеге келеді. Ал сол интернет-трендтің қорадан өсіп-өнгенін білгіңіз келе ме?..

PSY-ның орындауындағы жаңа әнді айта-айта жауырын шығардық. "Harlem Shake" стилі бүкіл әлемді өз дегеніне көндірем деп, енді өзі көніп қалды... Сахна орны ауысты да, сахнаға "Ешкі зары" ("Goat Edition") келді. Енді әр күнгі клип болсын, бейнеролик болсын - барлығының ішінен зарлап жатқан ешкіні көресіз. Қайырмадан қайта алмай жатқан ешкіні көрем деп ешкім ойламаса керек-ті.

Танымал клип болсын десеңіз, онда міндетті түрде ешкі зарын қосыңыз. Алғаш 2010 жылы жүргізуші Опра Уинфридің сөз сөйлеген тұсына ешкі зарын қосқан қылжақбас бүгінде танымал болып кетті. Одан кейін YouTube-қа "Ешкілер де адамдар секілді зарлайды" атты ролик енгізген бір топ жастар да жұлдызға айналып үлгерді. Ең қызығы сол, бүгінгі таңда әлеуметтік желілердегі "ешкілер зары" 13 мыңнан асып жығылады.

Сәтті шыққан роликтерде ешкі зары ән ырғағына дәл келіп, тыңдап отырған адамға білінбей де кетеді. Ендеше, бірнеше роликті көрсете кетсек:

сурет:hitzoneonline.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига