Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Сүйектерге толы шіркеу

Сүйектерге толы шіркеу

Сүйектерге толы шіркеу

Чехия мемлекетінің Кутно Гора қаласының маңындағы Седлец жерінде готикалық кішкентай шіркеу орналасқан. Шіркеу демалыссыз аптаның жеті күнінде жұмыс істейді.

Костница деп аталатын шіркеу сан ғасырлар бұрын үлкен мұражайға айналған. Бұл шіркеуге адамдар дұға қылу үшін емес, жәдігерлерді көру үшін келеді. Ал жәдігерлердің барлығы бірдей. Ол – өлген адамның сүйектері. Шамамен, 40-50 мың адамның сүйектері бар.


1278 жылы Седлецте орналасқан цистерциан монастырінің аббаты Генрих чех королі II Отакардің бұйрығымен Қасиетті мекенге жол тартады. Сапарынан оралған ол Голгоф жерінен бір уыс топырақ әкеліп, аббат қабірінің жеріне төгеді. Қасиетті жерден әкелінген топырақтың төгілгені туралы хабар дереу арада ел арасында таралып, Орталық Еуропаның басты зиратына айналды. Мыңдаған жандар өмірден өткен соң, осы жерде жерленуін бала-шағасына аманат етіп тапсырады.

Орта ғасырлардағы соғыс пен эпидемия салдарынан қайтыс болған мыңдаған жандар осы жерде жерленіп, бейіт аумағы кеңейе бастады. Тіпті, мәйіттерді жерлеу үшін алақандай ғана жерді табу қиынға соқты. Жерленгендердің саны көп болғаны сонша, олардың сүйектері сыртқа шығып кетіп жүрді. 1400 жылдары бейіт орталығында сағанасы бар готикалық үлкен шіркеу тұрғызылды. Сағана ішіне сыртқа шығып кеткен сүйектер жинастырыла бастады. Аңыз деректеріне сүйенер болсақ, 1511 жылы цистерциан орденінің зағип монахы сүйектерді жинап, шіркеуге топтастырған.

1703-1710 жылдары шіркеу қайта тұрғызылып, оған жаңа есік орнатылды. 1784 жылы император монастрьды жабу туралы үкім шығарды. Шіркеу мен монастрь жерлерін Шварценберг әулеті сатып алды.


1870 жылы Шварценбергтер ағаш оюшы Франтишек Ринтаны (František Rint) жұмысқа алып, оған осы уақытқа дейін топтастырылған сүйектерді реттеуді тапсырды.


Шіркеудің төрт жағында үлкен-үлкен сүйек үйінділері жиналған. Бұрыштарда адамның бас сүйектері тізілген. Шіркеу төбесіне сүйектерден жасалған алып аспашам мен сүйектер тізбегі ілінген.


Бұл шіркеуде Шварценберг ата-тегінің елтаңбасы сүйектерден жасалған. Ал қабырғалардың бірінде Ринттың сүйектерден қашалған қолтаңбасы бар.


Аңыз бойынша, бұл шіркеуді тұрғызған кезде, құрылысшылар жер астынан қазына тауып алған. Содан бері шіркеуге кіргендер іштен арман-тілектерін айтып, алтарь жаққа тиын-тебен лақтырады. Наным бойынша, армандар орындалады.

Шіркеудің айналасында көне қабірлер орналасқан. Ең соңғысы 1950-1960 жылдары жерленген жандардың бейіттері.


Бұл шіркеуге жүйке жүйесі әлсіз жандардың бармағаны абзал. Шіркеуге кірмес бұрын, іштей дайындалып бару керек.

Шіркеудің екінші қабатында дұға қылатын бөлме бар. Демалыс күндері бұл жақта діни рәсімдер өткізіледі.


Шіркеу ішінде базарлықтар мен кәдесыйлар сататын шағын дүңгіршек бар. Бұл жақтағы тауарлардың барлығында адамның бас сүйектері бейнеленген.


Сурет авторлары: Рустам Ниязов пен Ғазиза Ұзақ

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 наурыз 2012, 10:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->