Британдық жағалаудан "ғылымға белгісіз" жануар тауып алды

Британдық жағалаудан "ғылымға белгісіз" жануар тауып алды

Британиядағы Тенби жағажайында белгісіз тіршілік иесінің денесі табылды. Оны су жағасында итін қыдыртып жүрген 27 жастағы Питер Бейли байқап қалыпты. 

"Мен итіммен бірге қыдырып жүрдім. Бір кезде осы өлікті көзім шалды. Бұл ат екен деп ойладым. Бірақ оның тырнақтары аюдың тырнағындай үлкен еді, ал денесі доңызға ұқсап тұрды. Бір қызығы өліктің ешқандай иісі болған жоқ", - деді Бейли журналистерге берген сұхбатында.

а

Western Telegraph газеті өзінің Facebook-тағы аккаунтында Бейли түсірген фотосуретті жариялап, оқырмандардан бұның қандай жануар екендігін анықтауға көмектесулерін сұрады. Пікір білдірушілер өлікті гиппопотамға, сиырға, аюға және шошқаға ұқсатты. Варианттардың ішінде тіпті айдаһар деген жауаптар да кездесіп жатты.

Ал сіздің ойыңызша, бұл қандай жануар?

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: world-beaches.ru, earth-chronicles.ru

Massaget