Миланда вертикалды орман тұрғызылады

Миланда вертикалды орман тұрғызылады

Жақында Италияның Милан қаласының орталығында ағаштармен көмкерілген екі бірдей мұнара пайда болмақ. Boeri Studio студиясының сәулетшілері жобаны "Вертикалды орман" (Bosco Verticale) деп атаған екен. Ғимаратта 730 ағаш, 5 мың бұта, 11 мың өсімдік болады. Оған қоса, онда екі тұрғын үй де бар. Осы жылдың соңына қарай аяқталатын жобаның құны 85 миллион долларды құрап отыр.  

1

Тұрғын үй өз тұрғындарына қала ауасын таза күйінде ұсынып қана қоймай, оларды күн сәулесі мен шудан да қорғайтын болады. 

2

Бірінші мұнараның биіктігі 80 метр болса, екіншісінікі 112 метр. Ал ондағы өсімдіктерді суару үшін ғимарат ішіндегі ауыз су қолданылады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет