Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Прага – құпияға толы шаһар. Екінші бөлім

Прага – құпияға толы шаһар. Екінші бөлім

Прага – құпияға толы шаһар. Екінші бөлім

Басы

Прага қаласы – Еуропа құрлығының орталығы. Құпияға толы Прага қаласына жердің түкпір түкпірінен туристер ағылады. Әдемі шаһарға келген бойда, өз саяхатыңызды Көне қаладан бастаңыз.

Прага қаласының құрылысы осы Көне қаладан бастау алған еді. Ертеде Влтава өзенінің бойында демалыс күндері сауда базарлары жұмыс істейтін. Бұл базарларда мерекелік және әскери іс-шаралар өткізілетін.


Көне қаланың басты көрікті мекені - Stare Mesto алаңы. Алаң ортасында Ян Гус құрметіне қойылған ескерткіш орналасқан. Бұл алаңда туристер көп жиналады. Себебі, алаңда атақты астрономикалық сағаты тұрғызылған.


Әр сағаттың басында алып мұнарада нағыз қойылымды көруге болады. Өлім нышаны саналатын қаңқа қоңырау соғады. Оның үстінде орналасқан екі терезе ашылып, ішінде өлімді қашыратын 12 апостол кезекпен қозғала бастайды. Олардан кейін үлкен әтеш шақырады.


Прага қаласының көшелері тар болғанымен, бұл жақта көлік кептелісі болмайды. Қоғамдық көліктер жиі-жиі қозғалады. Трамвай, автобус бағыттарын, жол жүру кестесін кез келген аялдамадан табуға болады. Үш тармақты метро поездары әр 4-5 минут сайын жүреді.


Жол асты және үстіндегі қоғамдық көліктерде жол жүру бағасы бірдей. Тек жол жүру билеті белгілі бір уақытқа ғана жарамды. 30 минуттық жол жүру билеті=24 крона (шамамен, 200 теңге), 90 минуттық жол жүру билеті=36 крона (310 теңге). Бір тәуліктік билет 110 крона (950 теңге).

Қаланы таксимен де аралауға болады. Арнайы такси көліктері есептеуіш құралдарымен жабдықталған. Алайда, кейбір көлік жүргізушілері туристерді алдап кетуі мүмкін. Яғни олар сіздің қаланы білмейтініңізді пайдаланып, баратын жеріңізге бірнеше көшені аралап, баяу жүріп жеткізеді.

Прага қаласын экскурссиялық бағдарламалар арқылы аралауға болады. Туристік компаниялардың қызметкерлері халық көп шоғырланған жерлерде жүріп, өз қызметтерін ұсынады.

Қалада тұрақтайтын әр түрлі деңгейдегі қонақүйлер бар. Сондай-ақ, көп туристер қалаға келген бойда, жеке пәтерлерді жалға ала алады. Ең арзан қонақүйлер мен пәтерлер Прага 2, Прага 3, Прага 5 және Прага 10 аудандарында орналасқан.


Прага қаласынан базарлық аламын десеңіз, көше бойында орналасқан кез келген дүкендерге бас сұғуыңызға болады. Сондай-ақ, тауар сататын арнайы шағын базарлар бар.


Көше бойында садақа сұрап отырған қайыршыларды көрсеңіз, оларды аяп, тиын-тебен бермеңіз. Себебі, Чех халқының барлығы әлеуметтік деңгейде қорғалған. Ел басшылары оларды тұрғын үй, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал тиын-тебен сұрағандар жұмыс істеуге ерінетін, жалқау жандар. Жергілікті халықтың оларға жаны ашымайды. Сондықтан болар, мүсәпір жандар тиын-тебен сұрағанда бет-жүздерін көрсетпейді.


Прага мейрамханалары мен кафелерінде тамаққа тапсырыс бермес бұрын, даяшыдан ас туралы ақпаратты біліп алған жөн. Себебі, чех халқы өз тағамдарын қоян, шошқа етінен жасайды.

Прага қаласына бару үшін шенген визасын рәсімдеу қажет екенін естен шығармаңыз.

Суреттер: Ғазиза Ұзақ

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 наурыз 2012, 11:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->