Дубайда әлемдегі ең үлкен гүл бағы ашылды

Дубайда әлемдегі ең үлкен гүл бағы ашылды

Дубайда Dubai Miracle Garden деп аталған әлемдегі ең үлкен гүл бағы ашылды. Оның жалпы ауданы 70 мың шаршы метрді құрайды. Ал жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ұзындығы төрт шақырым болады.  

1

Бақ қазірдің өзінде "түрлі-түсті оазис" деген бейресми атқа ие болған. Оған себеп, оның аумағында гүлдердің 60-қа жуық түсі бар екен. Ал гүлдердің жалпы саны 45 миллион дана. Олардың көпшілігі Парсы шығанағына бірінші рет әкелініпті. 

2

Бақтағы ең қызықты жер ретінде БАӘ негізін қалаушы шейх Заид бен Султан Әл-Нахаянның гүлдерден жасалған портреті саналады. Оның бейнесі жеті әмірлікті білдіретін тірі гүлдерден жасалған, үлкен жеті жүректің ішінде орналасқан.  

6

8

7

5

Одан бөлек, бақ аумағында биіктігі 10 метр, жалпы ауданы 144 шаршы метр болатын гүлдер пирамидасы да бар. Олар бақты айнала қоршай орналасқан.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: www.bubblews.com 

Б. Қосмағамбет