"Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ"

"Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ"

Кез-келген "Мен қазақпын" дейтін азамат "ат, жылқы" деген сөзді естігенде селт етпей қоймайды. Тек қана қазақ жұрты емес, жалпы күллі адамзат қауымы жаратылысы ерекше сұлу осы бір жануарды қадірлейді. Сөзіміздің дәлелі ретінде белгілі суретші әрі мүсінші Ник Фиддиан-Гринның (Nic Fiddian-Green) қолынан шыққан мүсіндерді назарларыңызға ұсынбақпыз.

Әлемнің ең үлкен деген қалаларына орналастырылған аттың басы бейнеленген ескерткіштер ешкімді де бейжай қалдырған емес. Жергілікті тұрғындар оларды небір аңыз әңгімелерге шомылдырса, құстар өзіне пана етіп алған.

Атқа арналған ескерткіштердің бірі - Лондондағы Гайд-Паркке қойлылған екен. Неге дәл осы орынға қойылғандығы туралы нақты деректер жоқ.

Мүсінші тек қана қоламен емес, саз балшықпен, гипспен, мәрмәрмен жұмыс істейді. Шоу-бизнес саласының майын ішіп, жілігін шағып жүрген адамдар мүсіншіні және оның туындыларын жоғары бағалайды.

Джоан Роулинг, Ринго Старр, Том Круз сынды танымал адамдар Никтың төл туындыларын өте қымбат қаржыға сатып алған көрінеді.

Суреттер:kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева