Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Роботтың қолынан дәм татыңыз!

Роботтың қолынан дәм татыңыз!

Роботтың қолынан дәм татыңыз!

Қытайдағы Харбин қаласына таяу маңдағы Хэйлунцзян ауданында роботтар қызмет ететін мейрамхана жұмыс істейді. Мекемені қатардағы қарапайым мейрамхана деуге болмайды. Ол бүгінде әлемге кең танылған, келушілері көп табысты мейрамханалардың көшін бастап тұр.

Мейрамханада роботтардың 20-ға жуық түрі жұмыс жасайды. Олар тағамды өздері дайындайды және қонақтарға қызмет көрсетеді. Бірі асханада тұшпара, кеспе, қуырмаштар жасап жатса, келесілер оны тасып әлек, үшіншісі қонақтарды күтіп алып, орналастырады.

Роботтарды түсінен айырып алуға болады. Қызметкерлердің бойлары - 1,3-тен 1,6 метр аралығында екен. Сондай-ақ, темір адамдар түрлі бет-әлпетті келтіріп, қарапайым сөйлемдерді жеткізе алады.

Таңғажайып даяшылар күніне демалмастан бес сағат жұмыс істейді де екі сағаттық үзіліске шығады. Табалдырықты аттасаңыз, алдыңыздан: "Сәлеметсізбе, қадірменді қонақ! Біздің мейрамханаға қош келдіңіз!" деген жүрекжарды сөздерін төгетін робот қызметкерлер шыға келеді.

Мейрамхана қызметі арзан емес. Онда бас сұғу үшін қалтаңыз әжептеуір қалың болуы керек. Мүны да түсінуге болады. Әрбір механизмнің бағасы - 31 500 – 47 000 аралығында екендігін ескеріңіз. Қожайындар мейрамхананы жабдықтау үшін 790,000$ ақша жұмсаған.


Естеріңізге сала кетейік, Харбин - өзінің мейрамханасымен ғана емес, жыл сайын өткізілетін мұз және қар мүсіндерінің фестивалімен де танымал.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1679 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 ақпан 2013, 18:40
Пікірлер
+0
27 ақпан 2013, 18:13

Хехе керемет

+0
27 ақпан 2013, 18:15

рас айтам, барғым кеп тұр)

+0
27 ақпан 2013, 18:17

бұл роботтар қолын жуа ма екен? :lol: :lol: :lol:

+0
27 ақпан 2013, 19:09

күшті ойлап тауыпты :lol:

+0
28 ақпан 2013, 00:04

Күшті ғой мыналарға ұрсада алмайсың ғой иа))

+0
28 ақпан 2013, 00:44

керемет. роботтардан қорқайын дедім. әйййййй түбі жақсылық әкелмейді роботтарың. ҒТП (ғылыми техникалық прогресс) дамыған сайын бір бәлесі бар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...