Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Су астындағы қонақүйлер

Су астындағы қонақүйлер

Су астындағы қонақүйлер

Қазіргі таңда таңғажайып қонақүйлерді тұрғызу сәнге айналғандай. Қонақтарға жайлы бөлме ұсыну мен сапалы қызмет көрсетумен қатар, оны таң қалдыру керек.

Германия астанасы Берлинде бөлмелері бір-біріне ұқсамайтын «Қалалық пропеллерлі үй-арал» қонақүйі ел арасында «Таңғажайып қонақүй» деген атқа ие болған. Ал мұндай атқа өзге мемлекеттердегі бітімі бөлек қонақүйлер де лайық. Себебі, бұл қонақйүлер су астында орналасқан.

 Jules’ Undersea Lodge, Флорида, Америка Құрама Штаттары


Су астындағы алғашқы қонақүйлер өткен ғасырдың 80-жылдарында Флоридада пайда болды. Океанология саласының мамандары су астында қонақүй салып, оны танымал жазушы Жюль Вернның құрметіне атады. Қонақүй бөлмелері кондиционер, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, теледидар т.б. тұрмыстық техникалық бұйымдармен жабдықталған. Әр бөлмелерде ванна, душ дәретхана бар.

Мұндай қонақүй тұрғыны болу үшін әуелі дайвинг курсынан өту керек. Себебі, қонақүйге аквалангпен алты метр тереңдікке түсу керек.

Қонақүй бөлмесінің бір тәулік бағасы кісі басына 500 АҚШ долларын құрайды.

 Utter Inn, Вестерос, Швеция


Бұл қонақүй ғимараты кәдімгі швед үйі тектес. Көл ортасындағы қонақүй 2000 жылы салынған. Қонақүй иесі Микаэль Шенберг жылдың кез келген маусымында өз қонақтарын күтеді. Алайда, бұл қонақүйге джазда барған жөн. Себебі, қыс мезгілінде көлде мұз пайда болып, қонақүйге қатынау қиын болады.

Қонақтарды көл жағасынан күтіп алып, қайықпен қонақүйге жеткізеді. Қонақүй үш метрлік тереңдікте орналасқан.

Қонақүй бөлмесінде тұрақтану тәулігіне 400-500 еуроны құрайды.

 Аtlantis The Palm, Дубай, Біріккен Араб Әмірлігі


Бірнеше жыл бұрын әлемдегі ең үлкен қонақүйлердің бірі Дубайдағы Пальма аралында тұрғызылған еді. Бұл нағыз шығыс сән-салтанаты. Алтынмен жалатылған бөлмелерді сәндеу үшін танымал дизайнерлер жұмылдырылған. Ал мейрамханаларда үздік аспазшылар қызмет атқарады.

Қонақүйдің өзгелерден ерекшелігі бұл жақта теңіз деңгейінен төмен орналасқан Нептун және Посейдон деп аталатын үш қабатты жайлы бөлмелер бар.

Бұл бөлмелердің қабырғалары берік әйнек-шынылардан жасалған. Бөлмелер барлық қажетті бұйымдармен жабдықталған. Ал мұндай бөлмеде тұрақтау құны тәулігіне 8 000 АҚШ долларын құрайды.

 Conrad Hotels, Малдив аралдары


Бұл қонақүй бөлмелері жас жұбайларға арналған. Сәнді қонақүйде спа-орталықтары, су асты мейрамханасы бар. Үнді мұхитының табиғат байлықтарына бөлмеде отырып, бақылауға болады.

Бөлмелерге орналасу бағасы - тәулігіне 1300 АҚШ доллары.

 Poseidon Undersea Resort, Фиджи аралы


Бұл нағыз су асты шипажайы. 1962 жылы маржан рифіндегі 20 метр тереңдікте орналасқан су асты станциясында шипажай салынды. Бұл қонақүйде 25 бөлме бар.

Өкінішке орай, әлі күнге қонақүй иелері демалушыларды қабылдай алмайды. Қаржы дағдарысына байланысты қонақүй өз жұмысын бастай алмайды.

Қонақүй иелерінің жоспары бойынша, су асты шипажайында спа-орталықтар, мейрамхана, шарапты дегустациялау курстары жұмыс істейді. Қонақүй бөлмелеріне орналасу бағасы аптасына 15 АҚШ долларын құрайтын болады.

Суреттер: turist.rbc.ru, s-cont.ru

10
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 наурыз 2012, 09:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->