ХХI ғасырдың ұлы әйелі кедейлер үшін бөтелкеден үй соғуда

ХХI ғасырдың ұлы әйелі кедейлер үшін бөтелкеден үй соғуда

Боливия тұрғыны Ингрид Вака Диездің бүгінгі таңда жалғыз ғана арманы бар: жертөле мен қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан кедейлерді жақсы үйге көшіру. Ол үшін, қай жолғыдай жоғары үкіметтен еш қайыр болмаған соң, тегін әрі бос бөтелкелер үй соғуда толығымен қолданылып жатыр.

Өздеріңіз білетіндей, Боливия мемлекеті Оңтүстік Америкадағы ең кедей мемлекеттердің қатарында. Әлеуметтанушылардың 2010 жылғы санағы бойынша, елдің қазіргі таңда елу пайызға жуық тұрғыны кедейлікте өмір сүреді екен.

Соған қарамастан, Боливия табиғат қоры жағынан Оңтүстік Америкадағы алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатына кіреді. Әсіресе, табиғи газ мен тау-кен өндірісінде көш басында тұр.

Мұндағы кедейліктің тауқыметі күн өткен сайын асқынып бара жатыр. Жұмыссыз халықтың тең жартысы Ла-Пас пен Санта-Крус секілді ірі қалаларға қоныс аудара бастаған. 

Статистикалық мәліметтерге сенсек, бүгінгі таңда Боливия халқының тең жартысы, яки 10 миллион тұрғыны жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатқан көрінеді.

сурет:refreshingnews99.blogspot.in

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига