Ғалымдар пингвиндердің өмірін робот көмегімен таспаға түсірді

Ғалымдар осы күнге дейін пингвиндердің өмірін тек сырттай бақылап келген еді. Енді міне, BBC мамандары бұл құстардың ішіндегі императорлық, айдарлы және гумбольдты деп аталатын түрлерімен жақын танысуға мүмкіндік алды.  

Жалпы олардың негізгі мекен ету аймағы Антарктида және Субантарктика аралдары. Деректі фильм түсірушілер олардың арасына етене кіру үшін 50 пингвинге ұқсас, ішінде жасырын камерасы бар құрылғы-роботты пайдаланған екен. Осы техникалық шешімнің арқасында ғалымдар құстарды ең жақын арадан бақылай алды. 

Кәдімгі пингвиндер пингвин-роботтарды көріп, еш жатырқаған жоқ. Робот та өзі ұқсайтын құстар сияқты құлап қалған жағдайда орнынан оп-оңай тұра алады. Тіпті ішінде камерасы бар жұмыртқа да сала алатын болып шықты.   

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/BPyv1UZvcro","width":"450","height":"350"});

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com


Бөлісу: